Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛДАНҒАНДАР

c 19:54, 25/04/2022 c 424

0:00 / 0:00

Елордада кәсіпкерлер Бәйтерек монументінің алдына жиналып, наразылық акциясын өткізді. «Әскери Құрылыс Астана» ЖШС-мен келісімге отырған жүздеген адам компания оларға 6,5 миллиард теңге қарыз екенін айтты. Аталмыш компания Қорғаныс министрлігінің әскери нысандарында жөндеу жұмысын жүргізу бойынша тендерін ұтып алған. Енді салық органдары мердігердің есеп-шоттарын бұғаттап тастады. Себебі олар салық міндеттемелерін орындай алмай отыр. Осылайша қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, жұмыссыз отыр. Несиенің қарызы да өсіп жатыр.
2016 жылдан бері сергелдеңге түскен кәсіпкерлер тағы да алаңға шықты. Бұл жолы олар Бәйтерек монументінің алдына жиналып, наразылықтарын білдірді. Қорғаныс министрлігінен үміті үзілген кәсіпкерлер енді Президенттен көмек сұрап жатыр. Олардың айтуынша, "Әскери құрылыс Астана" ЖШС қосалқы мердігерлерге 6,5 млрд теңге қарыз. Бұл комапния қорғаныс министрлігіне қарасты мекеме. Бизнесмендердің пікірінше, тек қорғаныс министрлігі ғана олардың проблемасын шешіп бере алады. Осы компаниядан тапсырыс алған кәсіпкерлер құрылыс материалдарын тасымалдау және жөндеу жұмыстарымен айналысқан. Олар тапысрыс беруші министрлікке қарасты мекме болғандықтан сендік дейді. Алайда, уәде етілген ақша қолдарына тимей отыр. Одан бері қаншама жыл өтті.

Бизнесмендер бас Прокуратураға, Қорғаныс министрілігіне, Мәжіліске, жемқорлықпен күрес агенттігіне, тіпті Президентке хат жазған. Алайда, нақты нәтиже жоқ. Ал қорғаныс вице-министрінің айтуынша, бұл жағдай бойынша жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі іс қозғады. Енді ол іс аяғына жетпей, ақшаны қайтару мүмкін емес.

Кәсіпкерлер болса есеп-шотта ақша жоғын біле тұра, қалайша мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім жасаған деп таң қалып отыр. Ендігі сұрақ, бұл қыруар қаражат кімнің қалтасында кетті? Кейбір мәліметтер бойныша, қарызға батып отырған компания бұл қаражатты бұрынғы қарыздарын жабуға жұмсаған. Сотта аталмыш компанияның кінәніс дәлелденгенімен, қосалқы мердігерлердің ақшасы қайтарылатынына сенім жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.