0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысының әкімі Президенттің шешімінсіз отставкаға кетпейтінін айтты. Бүгін елордада үкіметтің селекторлық отырысына қатысқан әкім Ғали Есқалиевтен журналистер өңір тұрғындарының талабы бойынша қызметіңізден кетесіз бе деп сұраған еді. Айта кетейік батысқазақстандықтар әкімге қарсы петиция жариялап, биліктен Есқалиевті орнынан босатуды сұраған еді.
Өздеріңізге мәлім батысқазақстандықтардың облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жұмысына көңілі толмайды. Жыры бітпейтін сапасыз жолдар, білім, медицина саласындағы шешімі табылмай жатқан проблемалар тұрғындарды қажытты деген пікірлер көп айтылып, жазылып жатыр. Осыған орай өңір тұрғындары Ғали Есқалиевке қарсы петиция жариялап, биліктен оның оставкаға кетуін талап етті. Бүгінгі күні петицияға 5 мың адам қол қойған екен.
Ал бүгін әкім Есқалиев елордаға арнайы келіп, үкіметтің кезекті отырысына қатысты. Жиын басталмас бұрын әкімнің қайта-қайта орынан тұрып, отырып жүргенін көзіміз шалды. Министрлермен шүйіркелесіп қойып, арасында ойға шомып та отырды. Бір қобалжу бар сияқты. Отырыс соңында Ғали Есқалиевтің халқының наразылығына қатысты пікірін білген едік. Әкім президенттің шешімінсіз жылы орнын бас тарта алмайтын сияқты.
Батыс Қазақстан өңірі тұрғындарының жанайқайы үкімет басшысының да құлағына жеткеніне сенімдіміз. Себебі премьер-министр Әлихан Смайылов та жұрт сияқты әлеуметтік желіде отырады. Болмаған жағдайда қоластындағылары өңірде орын алып жатқан проблемалардан хабардар етеді. Ал Ғали Есқалиевтің Нұр-Сұлтанға келуі батысқазақстандықтардың наразылығымен байланысты емес пе екен?- деген сұрақ туады.