Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН СБЕРДЕН БАС ТАРТТЫ

c 18:19, 15/04/2022 c 479

0:00 / 0:00

Қазақстан Ресейлік Сбербанкпен арадағы цифрлық платформадан бас тартып отыр. Оның орнына отандық ІТ-компаниялар тартылатын болды. Яғни қолданыстағы электронды үкіметті жаңартумен қазақстандық ІТ- мамандар айналысатын болды. Бұл жайында журналистермен өткен баспасөз маслихатында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин мәлімдеді. Аты шулы сбер дауының бұлай шешілуіне қаңтар трагедиясы, жаңа үкіметтің келуі әсер еткендей.

Қазақстан Үкіметінің цифрлық платформаны құруға байланысты Ресейдің «Сбербанкімен» келісілген меморандумы қазақ қоғамында резонанс туғызды. Әлеуметтік желіде цифрлық даму министрі Бағдат Мусинді жақтағандар мен даттағандар екіге бөлінгені есімізде. Аты шулы сбер жобасын енгіземіз дегенде қоғамда қарсылық білдірушілердің бірі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы болды. Тіпті наразылық шерулері де өтті. Не керек, БАҚ-та да бұл мәселе кеңінен талқыланды. Ал сбер платформасына қарсы пікір айтқан қоғам белсенділерімен цирфлық даму министрі жекелеп кездесіп, оларды сендіруге тырысқан әрекеттері де есімізде. Министр Мусин болса қолданыстағы электронды үкіметті жаңарту үшін жаңа Сбербанктің платформасын аламыз дегенін жүз қайталаған еді. Ал оны құрастыру, қажетті платформаны құру – қазақстандық мамандардың жұмысы. Жалпы бұл жобаға 500 млн доллар қарастырылғанды. Дегенмен қоғам қабылдамаған жоба жүзеге аспайтын болды. Қазақстан Ресейлік Сбербанкпен арадағы цифрлық платформадан бас тартты. Яғни цифрлық даму министрлігі ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша келісімге қол қоймайды. Оның орнына отандық ІТ-компаниялар тартылатын болды. Министрліктің мұндай шешіміне қаңтар трагедиясы, жаңарған үкімет де әсер етуі мүмкін.

Осылайша қазақстандықтардың 19 миллион мәліметі бар электронды порталдағы ақпараттары өзгенің қолына түспей, қазақстандық ІТ -мамандардың сүзбесінен өтетін болды. Вице-министр жүйе жыл соңында енгізіледі деп отыр.

Бүгінде Қазақстанда 690 мемлекеттік қызмет түрі цифрланған. Яғни елде электронды үкімет жұмысы жүріп жатыр. Қазақстандықтар үйден отырып, қажетті қызмет түрін онлайн түрде ала береді. Енді Цифрлық даму министрі элеткронды қызмет түрлерін 1788 –ге жеткізуді мақсат тұтып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.