0:00 / 0:00
Сенаторлар жыл сайын өсіп жатқан сыртқы мемлекеттік қарызға алаңдап отыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 27,4%-ына жетті. Үкіметтің сыртқы борышы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың кепілдік берген сыртқы борышы 37 млрд АҚШ долларын құрады, бұл Ұлттық қор активтерінің 67%-ын құрайды. Депутат Нұрлан Бекенов сыртқы қарыздың артуына ықпал ететін негізгі факторлардың қатарында тиімсіз пайдалану, қарыз ақшаға сұраныстың жоқтығы, несиенің бір бөлігін жою, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың ақшаны өндірістік емес мақсатқа тартуы себеп болып отыр дейді.
Қазақстанның сыртқы қарызы азайғанның орнына, жыл сайын көбейіп жатыр. Қаржы министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы мемлекеттік қарыз көлемі 22 трлн теңгеге жеткен. Бұл ЖІӨ-нің 27,4% құрайды. Алайда, лиммт бойынша сыртық қарыз ЖІӨ-нің 27 пайзыдан аспауы керек.Депутат Нұрлан Бекенов сыртқы қарыздың өсуіне алаңдаушылық білдірді. Ол Үкімет басшысына сауал жолдап, сырттан алған қарыздарды пайдалануда тиімділік жоқ екенін айтты.
НҰРЛАН БЕКЕНОВ –ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 22 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 27,4%-ына жетті. Үкіметтің сыртқы борышы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың кепілдік берген сыртқы борышы 37 млрд АҚШ долларын құрады, бұл Ұлттық қор активтерінің 67%-ын құрайды және шекті мәнге жақындап келеді. Ұлттық қорды қарыздарды өтеу бойынша кепілдендірілген резерв ретінде ғана қарастыруға болмайды».
Сенатор Бекенов сыртқы қарызының артуына тиімсіз пайдалану, қарыз ақшаға сұраныстың жоқтығы, несиенің бір бөлігін жою, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялардың ақшаны өндірістік емес мақсатқа тартуы себеп болып отыр дейді.
НҰРЛАН БЕКЕНОВ –ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес ұйымының өз қаржысы бола тұра, 2017 жылы акционерлерге дивиденд түрінде беру мақсатында 300 миллион АҚШ доллары сомасын үш жыл мерзімге қарызға алды. Яғни, бұл қарыз дивидендтер төлеу үшін алынды. Бұл халықаралық қарыздарды жөнсіз жоспарлау мен пайдаланудың жекелеген мысалдары ғана»
Ал бұған дейін Мәжіліс депутаттары да мемлекеттік қарыз артып жатыр деп дабыл қаққан еді. Депутаттардың айтуынша, бұл аздай 2025 жылға қарай үкіметтің қарызы 25 триллион теңгеден асып жығылмақ. Қарыздың өсуіне пандемия, жаһандық экономикадағы дағдарыс себеп болып отыр.