0:00 / 0:00
Бюджет тапшылығы орын алып отырғанда Қазақстанда балаларға арналған спорт және шығармашылық үйірмелері тегін жұмыс істейтін бола ма? Өздеріңізге мәлім, өткен жылы спорттық және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру бағдарламасы мамыр айында іске қосылған еді. Осылайша балаларға арналған үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік берілді. Қазақстандағы 98 кәсіби клубтың қаржысы қайта қаралып, нәтижесінде балалардың спортпен тегін айналысуына 7 млрд теңге бағытталды. Осылайша әрбір облыс бала санына қарай жергілікті бюджеттен жеке меншік спорт үйірмелеріне қаражат құйды. Алайда, балаларын тегін үйірмеге беріп бастаған ата-аналардың қуанышы көпке созылмады. Себебі, әкімдіктер Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатып жатыр. Бұл үрдіс Алматы облысынан бастау алып, еліміздің барлық өңірінде жалғасуда.
Өткен жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды жаппай спортқа, шығармашылық үйірмелерге баулу жұмысы бастау алғанды. Балалар омбдусмені Аружан Саин осы жобаны ұсынған болатын. Елімізде спорт және шығармашылық үйірмелері өте көп, бірақ оның құны қалта қағады. Көпбалалы отбасылары үшін бірнеше баланы ақылы үйрімеге беру оңай шаруа емес. Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы спорттық және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру бағдарламасы мамыр айында іске қосылған еді. Осылайша балаларға арналған үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік берілді. Әу баста тегін үйірмелерді ұйымдастыра отырып, балалар арасындағы суицид пен есірткіге қарсы күресті күшейту жоспарланған еді. Алайда, балаларын тегін үйрімеге берген ата-аналардың және әкімдіктен Art Sport бағдарламасы бойынша қаржы алып отырған кәсіпкерлердің қуанышы көпке созылмады. Себебі, әкімдіктер Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатуда. Неге баланың қолын қағып жатырмыз дейді ата-аналар.
Балалар омбудсмені Аружан Саин осы проблемаға қатысты өз пікірін айтқан еді. Art Sport бағдарламасы бойныша көптеген қаржы алып отырған кәсіпкерлер өз өтінішін рәсімдей алмай жатыр. Балалаларды үйрімеге жаза алмай, төлемді уақытында ала-алмауда. Аружан Саинның пікірінше, әкімдіктер заңды белден басып, балалардың құқын бұзып, қасақана жасап отыр. Бірқатар кәсіпкер осы жобаға қатысуы үшін несие алып, ісін бастаған еді. Енді шығынға батуда.
ҚУАТ ЕРҒАЛИЕВ – КӘСІПКЕР «Бұл қасақана жасалып отыр деп ойлаймын. Себебі, әкімдік жылдағыдай бұл ақшадан қағылып отыр. Әкімдіктердің өз схемасы болды. Жылдан-жылға осы ақшаны өз каналдары бойынша таратып отырды. Енді содан айырылғысы келмейді. »
Ал өз кезегінде ата-аналар балаларын спортқа, шығармышлық үйімелеріне бере алмай жатыр. Бұл орайда, жан басына қаржыландырудан ісін өрбітіп отырған кәсіпкерлер мен тренерлер, мұғалімдер де зардап шегуде. Енді олар жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал мәдениет вице-министрі Серік Жарасбаев балалар құқын қорғаушы уәкіл Аружан Саинға жақын арада бұл мәселені шешетін айтқан болатын. Осылайша бір жылға жетпей жатып, бастау алған жақсы үрдістің соңы айғай-шуға ұласуда. Ал көрші Ресейде мұндай жүйе ендігі 15 жыл жұмыс істеп тұр.