Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛАТЫН ОБЛЫСТАРҒА ҚАНША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ?

c 22:40, 18/03/2022 c 557

0:00 / 0:00

Жаңадан құрылатын үш облысқа қанша қаржы бөлінеді? Үкімет бүгінгі отырысында Жолдаудағы мәселенің бірі- Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеріп, жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін жолдарын талқылады. Үш өңірді қаржыландыру тәртібін қайта қарап, бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін әзірлеу жұмысы басталмақ.

Семей Шығыс Қазақстаннан аймағынан бөлініп, Абай облысы болып қайта жаңғырмақ. Қарағанды облысының жартысы Ұлытау облысына берілмек. Яғни бұрынғы Жезқазған өңіріне жан бітпек. Сол сияқты Алматы облысы екіге бөлініп, Жетісу облысы құрылады. Бұл жаңашылдықтар Президенттің Жолдауында айтылған еді. Қазақстандықтар бастаманы үлкен қуанышпен қабыл алып жатыр. Тіпті, атауы қазақшаланбаған солтүстік өңірлердегі Петропавл мен Павлодар облыстарының атын өзгерту ұсынысы әлеуметтік желіде жиі жазылып жатыр. Сол сияқты Торғай облысын қайта құру да ұсынылуда. Ал жаңа облыстарды құру үшін қазынаға салмақ түсетіні сөзсіз. Үкімет Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру, осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамту мәселесін талқылады.Әзірге бұған бюджеттен қанша қаржы бөлінетін белгісіз.

Өңірлерді дамытумен қатар, халықты қымбатшылықтан қорғау мәселесі тұр. Геосаяси ахуал ушығып тұрғанда, доллар шарықтап жатқанда үкімет азық-түлік бағасын ұстай алмай жатыр. Елімізге импортпен келетін тауар түрі басым. Дегенмен, ауыл шаруашылық министрі алдағы үш жылда нарықты ішкі өніммен қамту көлемін 80 пайызға жеткіземіз деген таудай уәдесін алға тартады.

Сондай-ақ, Үкімет өңірлер үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету мәселесін пысықтауы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.