Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ҚҰРЫЛАДЫ

c 09:54, 18/03/2022 c 546

0:00 / 0:00

Құқығы тапталған азаматтар енді Конституциялық сотқа жүгіне алатын болады. Бұл жаңашылдық Президенттің Халыққа Жолдауында айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Прокуратура және Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңдар қабылдауды тапсырды. Осыған орай азаматтар құқықтарын қорғау үшін уәкіл мен прокурор арқылы Коснтитуциялық сотқа жүгіне алатын болады. Бұл әділдік орнату үшін жасалатын қадам болмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы елордада өткен «Саяси реформалар .Сараптамалық көзқарас» атты дөңгелек үстел барысында талқыланды. Айтулы жиынға депутаттар мен қоғам белсенділері қатысты.
Жолдауда айтылғандай Қазақтанда Конституциялық сот құру азаматтардың құқығын қорғау үшін жүзеге асырылмақ. Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардың басында мұндай сот болған. Президенттің айтуынша, көптеген елде Конституциялық сот институты бар. Оған кез-келген адам өзінің шағымын айта алады. Енді біздің елде аталмыш институт қайта жаңғырмақ.

Осылайша жолдау қолдау тапса саяси реформалар елімізде қалыптасқан саяси бәсекелестік ережелерін қайта жасақтауға мүмкіндік береді. Партиялар туралы заңға да өзгеріс енеді. Бүігнгідей Парламенттегі үш партиямен шектелмей, енді сайлауға өзге де дауыс жинай алмай жүрген партиялардың келуіне жол ашылады. Себебі,Президент Жолаауында партияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдейтіні айтылды. Партияларды тіркеу шегін 4 есеге - 20 мыңнан 5 мың адамға азайту ұсынылды. Тағы бір мәселе, сайлаушылардың өзі таңдаған депутатын сайлауға мүмкіндік тумақ. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталады. Аралас сайлау үлгісі мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Осылайша партиялық тізімнен басқа, әр өңірден бір депутат сайланады. Сондай-ақ депутаттар сайлаушыларына берген уәдесін орындай алмаса, мандатынан айырылады.

Конституцияға өзгерістер еніп, тиісті заңдар қабылданған соң, әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарын басқаруға тиым салынады. Президенттің өзі де ешбір саяси партияға мүшелікте болмайды. Бұл қазіргідей партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне жол бермейді. Яғни билік партиясы деген ұғымнан арыламыз деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.