0:00 / 0:00
Көктем мерекесі-8 наурыз халықаралық әйелдері күні қарсаңындағы қарбалас, нәзік жандарды құттықтау рәсімдері, еңбегін елеп марапаттау, әйелдердің қоғамдағы рөлі жайындағы сұқбаттар дәл осы сәтте орын алып жатады. Қазақстандықтар бұл мерекені үш күн қатарынан атап өтпек. Үкіметтің қаулысымен наурыздың 6-нан бастап, 9-на дейін демалыс жарияланды.
8 наурыз-халықаралық әйелдер күні көктемнің бастауы. Сол себепті де бұл мерекені атап өту көктемді қарсы алумен тең. Көктем мерекесіне теңелетін айтулы күні қазақстандық әйелдердің қоғамдағы рөлі, ерлермен қатар еңбек етіп жатқандардың ерлігі жайында айтыла бастайды. Аналар мен апа-қарындастар, жұбайлары мен қыздарына құрмет көрсетіп жатқан ер азаматтардың құттықтаулары кәдімгі бір қарбалас дерсің. Қазақстан билігінде әйелдердің рөлін күшейту үшін депутаттыққа өту квотасы 30 пайызға артты. Әзірге әкімдердің ішінде бір ғана әйел бар. Ол Қызылорда облысын басқарып отырған әкім-Гүлшара Әбдіхалықова. Министрлер кабинетінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігін басқарып отырған Мәдина Әбілқасымова бар. Гендерлік тепе-теңдікті сақтау үшін әйелдердің билікке көбірек келгені дұрыс па? Жалпы ер азаматтар қандай сыйлық ұсынуда, нәзік жандар қандай сыйлық күтеді? Елордалық тұрғындардың пікірін білген едік.
Көктем мерекесінің басты символы- қызғалдақ гүлі екені мәлім. Әрине гүлдердің патшасы –раушан гүліне де сұраныс көп. Қазір шетелден тасымалданатын экзотикалық гүлдердің түрі көп сатылады. Нарықта гүл бизнесінің рөлі артқан. Бұрынғыдай гүл сататын сауда орындарында ұзын-сонар кезекті көрмейсің. Сатып алушылар тапсырыс беріп, курьерлердің қызметін пайдаланады. Биыл гүлдің бағасы 30 пайызға артты.Елордада бір данасы 700 теңгеден сатылып жатқан қызғалдақ гүлінің бір байламының орташа құны 9 мың теңгені құрайды. Бір метрлік раушан гүлдеріңіз 2 мың теңгеден сатылуда. Гүл шоқтарының құны әрқилы. 50-60 мыңнан 100 мың теңгеден дейін сатылады. Сауда министрлігінің мәліметінше,өткен жылы Қазақстанға әкелінетін гүлдердің импорты 39,6 пайызға артып, 42 млн долларды құрады. Оның ішінде раушан, хризантема, лиля, орхидея, ранункулюс гүлдері бар. Ал Қазақстан жағынан сыртқа тасымалданатын гүлдердің экспорты 18,6 пайызға төмендеп, 2,4 млн долларды құрап отыр. Гүл сатушылардың айтуынша, Қазақстанда раушан гүлін ғана өсіріледі. Алайда, голландиялық раушанға сұраныс басым.