Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРИЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСПАНА

c 10:56, 04/03/2022 c 501

0:00 / 0:00

Әскерилерді баспанамен қамту мәселесі Сенатта қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Осы құжатқа сәйкес, қайтыс болған әскери қызметшінің, арнаулы орган қызметкерінің отбасы мүшесіне қызметтік баспананы жекешелендіру, ақшалай өтемақы алу, айырбастау құқығы беріледі. Сондай-ақ, қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша немесе өтеусіз жекешелендіруге болады. Тағы бір мәселе- қызметтік үймен екі рет қамтамасыз етуге шектеу қойылады.

Бүгінде қазақстандық әскерилер қызметтік баспанамен қамтылған. 20 жылдык еңбек өтілі бар әскери қызметкер баспананы жекешелендіре алады немесе оған ақшалай төлем жасалады. Алайда, қандайда бір жағдай орын алып, әскери қайтыс болса оның отбасы мүшесі тұрып жатқан баспананы жекешелендіре алмайды. Енді Сенатта қаралған әскерилерді тұрғын үймен қамту заңнамасына сәйкес, өзгеріс енгізілді.

Сондай-ақ аталмыш құжатқа сәйкес, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттырып ғана қоймай, олардың этикасына қатысты өзгерістер енгізіп отыр. Яғни әскерилер қоғамдық орындарда ішімдік ішіп немесе есірткі шегіп көпшілік көзіне түсіп жатса, денсаулығын сауықтыруға арналған материалдық көмектен қағылады. Сенатор Нұржігіттің айтуынша, әскерилер қандай жағдайда болмасын абыройын сақтауы тиіс.

Сондай-ақ, қазақстандық әскерилер бір аймақтан екінші аймаққа көшпелі тұрғын үйімен бірге ауысатын болады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге арналған «модульді тұрғын үй» салмақ. Бұл жылдам қажет болған кезде тұрған жерін ауыстыруға болатын баспана болмақ. Оларды сатып алу, қысқа уақытта әскери тұратын орынмен қамтамасыз етуге, ал геосаяси жағдай өзгергенде оларды осы үймен бірге басқа жерге шығынсыз көшіруге мүмкіндік бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.