Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУ ЖАҢА БАС ПРОКУРОРДЫҢ УӘДЕСІ

c 10:51, 04/03/2022 c 437

0:00 / 0:00

Су жаңа Бас Прокурор журналистерге ашық жұмыс істеуге уәде берді. Бұл жайында ол Сенат дәлізінде тілшілерге сұөбат беру барысында айтты. Айта кетейік, Парламент Сенатына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бас прокуроры лауазымына Берік Асыловтың кандидатурасын ұсынған еді. Сенаторлар біраузыдан Асыловты осы лауазымға тағайындауға келісім берді. Ақорданың хабарлауынша, Президент Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған бас прокурор Берік Асыловты таныстырды. Тоқаев бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, қоғамның қолдауына ие болатын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандармен қамтуға кеңес берді. Бір сөзбен айтқанда Жаңа Қазақстанда Прокуратура да жаңаруы керек.

Қаңтар оқиғасынан соң, ел билігіндегі ауыс-түйістер әлі жалғасуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас Прокурорды да ауыстырды. Тоқаев Сенатқа Бас прокурордың лауазымына Берік Асыловтың кандидатурасын ұсынған еді. Сенаторлар мемлекет басшысының бұл ұсынымын бірауыздан мақұлдады. Сенаттың батасын алып шыққан су жаңа бас прокурорды дәлізде әрең қуып жеткен журналистер, сұрақты қарша жаудырды. Айта кетейік, журналистер үшін бас прокуратурадан ақпарат алу оңай шаруа емес. Баспасөз маслихаттарына да БАҚ өкілдерін таңдап шақырады. Қаңтар трагедиясына қатысты тергеу істері бойынша ақпараттарды тек мәлімдеме ретінде ғана таратып, сұрақ қою мүмкіндігі жоқ. Ендігі үміт жаңа прокурорда. Ол журналистермен кез келген тақырыпты ашық талқылауға және бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық жұмыс істеуге уәде берді.

Сондай-ақ, жаңа прокурор қаңтар трагедиясында қайтыс болған 227 адамның тізімін жариялаймыз деді. Бірақ нақты қашан екені белгісіз, әзірге ол жайныда толық ақпарат бере алмаймын деп ақталды.

Бас Прокуратураны тізгіндеп отырған Асыловтың алдында қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру міндеті тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.