0:00 / 0:00
Қаңтар оқиғасынан соң басқа мемлекетте ояндық дейді Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов. Қаралы қаңтарда қаза болған 227 адамның аты-жөні тергеу аяқталған соң жарияланады. Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев полицейлерге осы оқиғаға қатысы бар дегендерді азаптау туралы бұйрық берген жоқ дейді спикер. Ерлан Қошанов мәжілісті тізгіндегелі бүгін бірінші рет журналистердің алдына шығып, ағынан жарылды.
Күні кеше Мәжіліс төрағасы билік партиясының атауын өзгертуді ұсынып, жаңарған болатын. Ал бүгінгі жалпы отырыста спикер жаңадан келген депутат Саясат Нұрбекті таныстыру барысында партияның ескі атауын айтып, шатысты.
шум
Мүмкін партияның жаңа атауы тіркелмеген болар. Алайда, оның партияластары депутаттық сауалдарын жаңа атаумен жолдады.
шум
Мәжілісті тізгіндегелі журналистердің алдына алғашқы рет шыққан спикер Ерлан Қошанов
Nur Otan партиясының атауы неге "Аманатқа" өзгертілгенін түсіндірді. Оның айтуныша елде «Аманат» деген атаумен отыздан астам ұйым бар. Бірақ партия жоқ. Сондықтан "Аманат" деген партияны тіркеуде ешқандай қиындық болмайды.
Өздеріңізге мәлім, қастерлі қаңтар оқиғаларынна соң 227 азаматтың қаза болғаны мәлім. Алайда, құқық қорғау органдары марқұмдардың аты-жөнін жарияламай отыр.
Қазақстан тарихындағы жазылмас жараға айналған-қаңтар трагедиясынан соң елдегі тәртіпсіздіктердің орын алуына кінәлілерді ұстап, қамап, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Өкінішке орай тергеулер барысында құқық қорғау органдарының өкілдері тарапынан жазықсыз жазаланып, адам айтқысыз азаптауларға тап болғандар бар. Бұл жағдай арнайы комиссияның жүргізген жұмысы арқылы да ашылды. Бүгінде азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратура ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікпен 9 қызметкер ұсталды-деп хабарлады. Бұл орайда сол кезде ішкі істер министрілігін басқарған, экс-министр Ерлан Тұрғымбаев жауапқа тартылуы керек пе деген сұрақ туындайды.