0:00 / 0:00
Украина мен Ресейдің арасындағы жағдай ушықты. Ресей Президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыс басталғанын мәлімдеп отыр. Қазір бүкіл әлемнің назары Украина мен Ресей арасындағы соғысқа ауды.Өз кезегінде көршілес елдердегі жағдай Қазақстанның экңономикасына кері әсер ететіні сөзсіз. Ал Қазақстан Украинаға әскер жібере ме? Бұл сұраққа Парламент Сенатының депутаты Мәулен Әшімбаев. Еске салсақ, 22 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеді. 24 ақпанда Путин ресейліктерге жолдаған арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай енгізді.Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялайтын болды деп хабаралайды еліміздің сыртқы істер министрлігі.
Осылайша 24- і ақпанға қараған түні ресей Президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыс басталғанын мәлімдеді. Оны бұл Донбастағы «арнайы әскери операция» деп атады. Екі ел арасындағы қақтығыс ресейдің Донецк мен Луганск халық республикаларын мойындауынан орын алып отырғаны мәлім. Алайда, халықаралық деңгейде Ресейдің бұл ұстанымы толық қолдау тауып отырған жоқ. Украина БАҚ хабарлауынша, Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Путин Украинаға қарсы «толық масштабты соғыс» ашты. Украинаның бейбіт қалаларына соққы беруі жалғасуда. Ресей әскери басқармаларға, аэродромдарға, әскери қоймаларға зымырандарын атқылап жатыр»- деп мәлімдеген. Алайда Ресей жағы бұл ақпаратты жоққа шығаруда. Көршілес елдерде орын алған қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымына келсек.
Осыған дейін еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның қарулы күштері әскери қақтығысқа қатыспайды деп мәлімдегенді. Ал сенат төрағасының айтуынша, егер БҰҰ тиісті шешім қабылдаса бітімгершілік күштерін жіберуіміз де мүмкін.
Ал Владимир Путин «егер кімде кім Ресейге кедергі жасауға әрекет етсе, бұрын орын алмаған салдарымен бетпе-бет келеді» деп мәлімдеп отыр. Шум. Ал Украина жағы болса, Украина аумағына соққы беріп жатқан Ресейдің әрекетіне қатысты әлем елдері шешім қабылдауы керек дегенді алға тартуда. Бұл пікірін Украинаның сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісінде жазды.