Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕКЕ ШАРУАЛАРДЫҢ ШАРУАСЫ ҚАЛАЙ РЕТТЕЛМЕК?

c 10:21, 09/02/2022 c 410

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын ауыл шаруашылық министрлігіне кері қайтарды. Министр Ербол Қарашөкеев депутатардың алдында жаңа заң жобасын таныстырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативке біріктіру, оларға жайылымдық және шабындық жер беру, материалдық ресурстармен қамту, дайын өнімді сату мәселелерін қамтимыз деді. Алайда, депутаттар заң жобасында қамтылмай қалған нормалар барын айтып, құжатты жетілдіру үшін жұмысқа қабылдамай қойды.

Бүгінде елде 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық тіркелген. Мысалы, 2020 жылы осы жеке шаруалардың арқасында 2,6 трлн теңгеге ауыл шарушалықы өнімдері өндірілген. Жалпы өнімнің 41 пайызын құрап отыр. Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасына қатысты тұсау кесері сәтсіз аяқталды. Себебі, депутаттар министр ұсынған құжаттан көп кемшілік тапты. Ал министр болса жеке қосалқы шаруашылық иелері кәсіпкер болып танылмайды. Сол себепті оларға табыс салығы салынбайды деп сендірді. Құжат жеке шаруалардың жағдайын реттеуге бағытталған. Шаруаларға жайылымдық және шабындық жер беру, материалдық ресурстармен қамту, дайын өнімді сату мәселелері шешіп береміз дейді. Ол үшін жеке қосалқы шаруалар кооперативке бірігуі тиіс.

Алайда, мәжілісмендер заң жобасында шикілік көп деп отыр. Мысалы, мал өсіріп, сүт өндіріп, ет жеткізіп отырған жеке қосалқы шаруаларға жайылым жерлерді пайдалану бойынша шектеулер бар. Ал бұрайда министрлік мемлекет басшысының пайдаланусыз жатқан жайылым жерлерді қайтару мәселесін әлі шешпеген. Сондай-ақ, жеке шаруашылықтарға жеңілдетілген несие беру мәселесі де заң жобасында көрініс таппаған.

Депуттар ауыл шаруашылығы министрлігі жеке қосалқы шаруашылығын мемлекеттік реттеудегі үлкен құқықтық вакуумды жабуға тырысқан. Халқымыздың 42 пайызы ауылды жерде тұратындықтан, заң жобасында тұрғындардың әлеуметтік-құқықтық әрі ең сезімтал қатынастары ескерілмеген деген сыни сұрақтарын қарша жаудырды.

Құжаттағы кемшіліктерді айта келе, заң жобасын шикі деп таныған мәжілісмендер оны пысықтау үшін министрлікке кері қайтарды. Айта кетейік, бүгінде ауылды жерлерде 8 миллион адам тұрса, соның тең жартысы жұмыссыз. Мал бағып, бау- бақша ұстап жан бағып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.