0:00 / 0:00
Қаржы пирамидасының құрбаны болмаңыз! Полиция өткен жылы қаржы пирамидасына қатысты 213 қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдады. 120 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 38-і сотталды, қалғандары бойынша сот ісі жүріп жатыр. Дегенмен, әлі күнге дейін аңқау халық қаржы прирамидаларының құрбаны болуда. Осы орайда полиция тез ақша табудың соңы-сан соқтыратынын айтып, ескертеді.
Соңғы жылдары қаржы пирамидасы кең тараған қылмыс болып отыр. Аңқау халық тез ақша табудың жолын ұсынған алаяқтардың қармағына ілініп, сан соғып қалып жатыр. Бүгінде қаншама адам қаржы-инвестициялық ұйымдарға сеніп, салған қаражатын ала алмай құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырып жүр. Ішікі істер министрлігінің дерегінше Қазақстанда 30 мыңнан астам адам қаржы пирамидаларына алданған.
Бүгінде аты-шулы L-Capital компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Атырау облысында бұл компания өзінің заңсыз әрекетін сәтті жүргізген екен.Аталған ұйым қызметінен 300-ден астам адам зардап шеккен. Шығын көлемі 260 млн теңгеден асады. Маңғыстау облысында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағаға сатып аламыз деген желеумен инвесторларды тартып алған «Плюс Капитал» ЖШС басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Сотталушылардың қылмыстық әрекетінен 642 азаматқа жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шығын келген. Тергеу барысында 450 көлік, 3 жеке үй және 1 жер телімі алынды.
САНЖАР ӘДІЛОВ – ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «2021 жылы сотқа 213 қылмыстық іс жолданды. 2020 жылы 149 қылмыстық іс тіркелген еді. Олардың асйттары бұғатталып, ұйымдастырушылары анқыталды. 180 қаржы-инвестициялық компания мен фирманың заңсыз әрекеті анықталды. 120 тұлға қылмыстық жауапакершілікке тартылып, 38-і сотталды. Қалғандары бойынша іс жүріп жатыр»
Қаржы пирамидаларының әрекеті әртүрлі. Бірі шамалы қаржы салып, байлыққа белшеден батасың десе, енді бірі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағамен сатып аламыз деген желеумен қаржы пирамидасын құрған. «Home Auto Invest» компаниясы мүліктің құнын 3 ай ішінде бөліп қайтаруға келіскен. Алайда ақша қайтарылмаған.Бұл қылмыстың құрбаны болған 700-ден астам азаматқа жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Полиция қаржылық пирамидалардың жолын кесу және оған қарсы тұру жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ.