0:00 / 0:00
Батыс аймақтардағы автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейді. Қанша жылдан бері бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Ал құрылысы басталған Атырау-Астрахань жолының жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр. Бұған жобалау кезінде қателік себеп болды деп отыр индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев. Батысқазақстандықтар қашан сапалы жолмен жүреді деген сұраққа елордада өткен дөңгелек үстел барысында депутаттар мен министрлік өкілдері және қоғам белсенділері жауап іздеп көрді.
Жаңадан тағайындалған индустрия министрі өңірлерде орын алып отырған проблемаларды қоғамдық талқылауға салып, шешімін іздеп көрмекші. Енді әр аймақтың мәселесі осындай дөңгелек үстелде май шаммен қаралмақ. Бірінші болып Атырау өңірінің жолдары талқыға салынды. Себебі, республика жолдарының сапасы сын көтермейтін болса, тек Атырауда бұл көрсеткіш 65 пайызды құрап отыр.Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұсындығы 95,9 шарықымды құрайды. Өзеріңізге мәлім, үкімет «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 10 мың шақырымында жол ашылады деп жоспарлағанды. Осылайша жол сапасын 100 пайызға қатырамыз деген уәде бар. Алайда, 2021 жылы құрылыс аяқталуы тиіс ірі жолдар әлі көздеген мақсатына жете алмай отыр. Соның бірі кешігіп жатқан Атырау-Астрахань автожолы.Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.
Жалпы ұзындығы 277 шақырымды құрайтын автожолды реконструкциялау құны 87,4 млрд теңгені құрайды. Жолдың құрылысынң кешігуіне оған қолданылатын топырақтың сапасыздығы себеп болды деп ақталды министр.
Министрлік өкілдері «Атырау-Астрахань» жолының құрылысы тоқтамағанын, қазіргі уақытта Ақтөбе облысынан, Алматыдан жол құрылысына қажетті материалдар жеткізіліп жатқанын айтып, ақталды.Сондай-ақ, сенатор «Құлсары-Мұқыр» жолы да салынбай жатқанын айтты. Бұл жолдың да тағыдыры үш жылдан бері шешілмей келеді. Енді оның құрылысы 2025 жылға шегерілген. 519 шақырымдық «Атырау-Орал» жолының құрылысына қатысты да проблема бар.
Шекаралас жатқан Атырау мен БҚО облысы үшін бұл жолдың маңыздылығы өте зор. Биыл жолдың жобасы әзірленіп, келесі жылы құрылыс жұмыстары басталмақ. Дөңгелек үстел барысында жол құрылыс саласындағы жемқорлықтың да сапаға кері әсер етіп отырғаны айтылды. Индустрия министрі саладағы жемқорлықты жоюдың бірден-бірі жолы цифрландыру дейді. «Е-құрылыс» деген ақпараттық жүйесі рақылы барлық жұмыс ашық бақыланып отырмақ. Қазір бұл жүйе сараптамадан өтіп жатыр. Биыл іске қосылмақ. Депутаттардың айтуынша, көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда жол салу құны әлдеқайда арзан. Алайда, қазына қаржысы жолда қолды болып, сапасыз жолдар салынады.
Ал вице-министр Берік Камалиевтің есебіне сүйенсек, 1 шақырым жолға жұмсалатын қаражат көлемі оның санатына байланысты болады. Мәселен, 1-санаттағы жолдардың 1 шақырымына 4 млн долларға дейін жұмсалады. Ал 1 шақырымына 1 млн доллар шығындалатын жолдар 3-і санатқа жатады. Қазір жолдардың қалыңдығын 80 сантиметрге жеткізіп, үш қабат асфальт төселеді.