Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЛАУАЗЫМДАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

c 08:08, 20/01/2022 c 1766

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты заңдарға өзгеріс енгізді. Конституциялық заңдарға түзету енгізіліп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығы тоқтатылды. Алайда бұл заңдар жалпы отырысқа шығарылмай, мәжілістің комитет отырысында қаралып, Сенатқа жолданды.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір билікті толық қолына алды. Кеше ғана видео үндеу жариялаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де мұны растады. Яғни елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге дейін Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығында болған еді. Қаңтар трагедиясынан соң, қауіпсіздік кеңеске басшылық ету құзыры да Тоқаевқа өтті. Осылайша, Назарбаев өзін қатардағы зейнеткермін деп жариялады.

Осыған орай Парламент Мәжілісі елбасына қатысты заңдарға өзгеріс енгізіп, оны заңдастарды.

СНЕЖАННА ИМАШЕВА - ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Елбасы туралы","Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» конституциялық заңдарға енгізілген түзетулер Сенатқа жолданды. Ендігі Қауіпсіздік кеңес төрағалығын қолына алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея мен билік партиясын басқаруды да қатар алып жүрмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.