0:00 / 0:00
Жаңа жылда азық-түлік бағасы тағы да шарықтауы мүмкін. Сауда министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазір алты тауар түрі бойынша тәуекел бар. Олар қарақұмық, сүт, ет және тағы басқа түрлері. Бағаның өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорларымен бірлескен жұмыс жүріп жатыр дейді министр. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғариннің айтуынша, бағаны негізсіз көтерген субьектілерге айыппұл салынып жатыр.
Күні кеше ғана, мәжіліс депутаттары бағаны реттейтін, болжайтын мемлекеттік орган құруды ұсынған болатын. Себебі, үкімет бағаға ие бола алмай қалды. Экономкианың барлық секторында баға өсті. Азық-түліктен бастап, қызмет түрлері, жанар-жағар май, не керек тіршілікке керектің бәрі қымбаттады. Құзырлы органдар бұл пандемия салдарынан әлемде орын алып отырған тендеция деп жұбатады. Дегенмен, бағаның тұрақталатын түрі жоқ. Сөйте тұра, Сауда министрі соңғы аптада елде 19 таура түрі бойынша, 0,2 пайызға төмендеу байқалды деп сендіреді. Дегенмен, қарақұмық, ет пен сүт, тағы басқа тауар түрлерінің қымбаттау тәуекелі бар.
Бәсекелестікті қорғап отырған агенттік басшысы, коронавирус кетпей бағаның өсуін тоқтата алмаймыз. Қазір бағаны төмендету емес, оның өсіп кетпеуін қадағалап отырмыз дейді. Жұманғариннің айтуынша, мораторий бойынша тексеруге тыйым салынған сауда орындары заң талаптарын бұзып, инфляция мен азық-түлік бағасының өсуіне ықпал етіп отыр. Бағаны себерсіз өсіргендерге қомақты көлемде айыппұлдар салынуда.
Көп жағдайда бағаның негізсіз көтерілуіне сауда саласындағылардың ашкөздігі себеп болып отыр санайды агенттік төрағасы.