0:00 / 0:00
Қаржы министрі байлыққа салық салуға асықпайды. Министр Ерұлан Жамаубаев қазіргі салықтың өзі диференциалды түрде салынады. Табысының 10 пайызы ұсталады. Сондықтан байлық деген қанша сомадан басталатынын анықтап алу керек дейді. Еске сала кетейік, бұған дейдін сенатор Мұрат Бақтиярұлы зәулім үйлер, қымбат көлік мінгендер, жеке ұшақ, яхта ұстаған қалталыларға салынатын салықты көбейту қажет деген ұсынысын алға тартқан еді.
Жалпы зәулім үйлері бар, қымбат көлік мінгендер, жеке ұшақ, яхта ұстаған қалталыларға салынатын салықты көбейту қажет деген ұсыныс бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Осыдан бір ай бұрын Сенатор Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанатқа салық салу туралы ұсынсын тағы да көтерген еді. Сол кезде қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев, үкімет байлыққа салық салу мәселесін қарастырып жатыр деді. Вице-министр байлыққа салынатын салық мәселесін келесі жылдан бастап енгізуіміз мүмкін деген жауап айтқанды. Ал бүгін Мәжілісте қаржы министрінен байлыққа салық салу туралы заң қабылдау қажет деп санайсыз ба?,- деп сұраған едік. Министр қалталыларға салық салуға асықпайды.
Көлік салығы да қазақстандықтарды толғандырған мәселе. Кейбіреулер ұрланған немесе мүлдем жүрмей тұрған көлігі үшін я болмаса сенімхатпен сатқан автокөлігі үшін салық төлеуге мәжбүр. Депутаттар, бұл орайда салықты көлікке емес, пайдаланған жанар-жағар майға салу қажет дейді.
Алайда, министр көлік салығын қозғағыштың көлеміне қарай төлеу әлдеқайда әділетті деп отыр.
Сондай-ақ, қаржы министрі қайтыс болып кеткен, шетелге көшіп кеткен азаматтардың көлігіне, 60-70 жылдары шығарылған автокөліктерге немесе жол апатына түсіп, жарамайтын көліктерге рақымшылық жасап, салықтан босату қарастылып жатыр дейді.