Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ШЕКТІ МЕЖЕНІ ҚАЙТА ЕСЕПТЕУ КЕРЕК»

c 18:50, 16/12/2021 c 1405

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттары Үкіметтен зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бойынша шекті межені қайта есептеуді талап етті. Өздеріңізге мәлім, желтоқсан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағының шекті межесін екі есеге көтергенін хабарлаған еді. Бұл жаңалық қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырып, әлеуметтік желі қызу талқылаған болатын. Алайда, бұған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, шекті межені көтеру мәселесін келесі жылдың сәуір айына шегерген болатын. Депутат Аманжан Жамаловтың айтуынша, жаңа шекті мөлшер бойынша зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалана алатын қазақстандықтар саны 600 мыңнан 150 мыңға дейін, яғни төрт есе қысқарады.
Мәжілісмен жеткілікті шекті есептеу әдістемесі "Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңға сәйкес келмейді дейді.Бұл мәселені, бұған дейін Ақжолдық депутаттар да көтеріп, үкіметке өз ұсынысын жолдап қойған болатын.

Парламенттегі саяси партяилардың фракциялары Үкіметтен зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бойынша шекті межені қайта есептеуді талап етіп отыр. Ақжолдықтар министрлер кабинетіне шекті межені есептеу әдістемесі дұрыс жүргізілмегенін айтып, өз ұсыныстарын жолдаған болатын. Ал бүгін нұротандықтар бас көтеріп, зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалану үшін жеткілікті шекті есептеу әдістемесі "Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңға сәйкес келмейді деп отыр. Мәжілісмендердің айтуынша, егер шекті межені есептеу кезінде Заңмен белгіленгендей ең төменгі зейнетақы қолданылса, жеткілікті шектің мөлшері 2021 жылмен салыстырғанда небәрі 9%-ке өсер еді.

АМАНЖАН ЖАМАЛОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ " Жеткілікті шек – ең төменгі зейнетақыдан төмен емес, ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыруға қажетті зейнетақы жинағының ең төмен мөлшері. Алайда әдістемеде көрсеткіш ретінде ең төмен жалақы 60 000 теңге қолданылады. Осылайша әдістемеде шекті меже ең төменгі зейнетақыға 46 302 теңге емес, ең төмен жалақыға негізделген. Бұл біліксіздіктен немесе саналы түрде жіберілген қателік. Осының салдарынан зейнетақы жинағының жеткілікті шегі орташа есеппен 64%-тен 83%-ке дейін көтеріліп отыр"

Сондай-ақ, депутаттар ең төменгі жеткілікті шекті есептеу міндеті БЖЗҚ құзыретіне кірмеуі керек. Мұнымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысуға тиіс еді. Өйткені олар әлеуметтік салаға жауапты орган. Ал зейнетақы қорының міндеті - операторлық функцияларды жүзеге асыру болып табылады. Осылайша өз міндеттерін шатыстырып отырған органдардың салғырт жұмысынан, халық зардап шегуде.

Халыққалаулылары үкіметке жеткілікті шекті есептеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішінен бас тартуды, 2022 жылға арналған шекті межені ең төмен зейнетақы мөлшерімен қайта есептеуді және ол жұмысты еңбек министрлігіне беруді ұсынды. Сондай-ақ, арнайы тексеріс жүргізіп, жеткілікті шекті белгілеу әдістемесін әзірлеген жауаптыларды жазалауды талап етті. Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы жалпы отырысқа қатысып отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрмановқа шүйлікті. Спикер осы жағдайды халыққа уақытында түсіндірмегені үшін оны әбден сынап тастады.

Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін баспана мәселесін шешуге, денсаулығын түзеуге пайдаланып жатқан қазақтандықтар үшін шекті межені 64 пайзыға бірақ көтеру күтпеген жағдай болды. Қор басшысы болса, бұл зейнеткерлікке шығып, бейнеттің зейнетін көру үшін жасалған қадам еді деп ақталды.

Айтпақшы,бүгін мәжілісте қаралған Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы заң жобасына сәйкес, бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті ұсынылды.
Егер ерлі-зайыптының бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинағын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады. Сонымен бірге төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.