Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ОТСТАВКАҒА КЕТЕ МЕ?

c 12:39, 15/12/2021 c 1702

0:00 / 0:00

Атырау облысының әкімі орынбасары Бақытгүл Хаменованың кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетемін деп отыр. Әкім Махамбет Досмұхамбетов орынбасарының қамауға алынғанын естіп, «уайымдадым» дейді. Ол Үкімет дәлізінде журналистердің сұрағына жауап берген еді. Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Қылмыстық кодекстің 366-бабының екінші бөлігі бойынша "едәуір көлемде пара алды" деген күдікке ілінді. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, пара Абай ескерткішін орнатуға жарияланған тендер бойынша берілген көрінеді.

Өздеріңізге мәлім, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Ақылбек Рысқалиев "пара алды" деген күдікпен ұсталған еді. Алайда, ұсталған әкімінің орынбасары Хаменова кейін босатылып, үй қамаққа алынды. Сот күдіктнің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының және қолында қарта анасының барын ескерген. Күдіктінің балаларының бірі мүгедек екені де ескерілді деп хабарлады Атырау облыстық мамандандырылған сотының баспасөз қызметі. Орынбасарына қатысты жайсыз хабарды естіп, уайымдадым дейді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әрине қоластындағы қызметкері сыбайлас жемқорлықпен істі болып жатса, бірінші басшы қызметінен кетуі тиіс. Досмұхаметов Хаменованың кінәсі делелденсе отставкаға кетемін деп отыр. Ал оның «әкім жақын арада жылы орнын босатады» деген гу-гу әңгімеден оның хабары жоқ екен.

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ – АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны Мемлекет басшысы шешеді».

Әзірге Атырау облысының әкімі Бақытгүл Хаменованың орнына ешкімді жұмысқа алмаған. Тергеу аяқталмай орынбасарына қатысты түсініктеме бере алмаймын -деді Досмұхамбетов. Қамауға алынғаннан бері Хаменовамен байланыспаған. Әкімнің өзін құқық қорғау органдары әзірге жауап алуға шақырмаған көрінеді. Ал бұған дейін, Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет басқармасының жетекшісі параны Ұлы Абайдың ескерткішін орнатуға жарияланған тендер бойынша алған деген ақпарат тарағанды. Әкім енді жемқорлық дауына байланысты Атырауда Абай ескерткішін қою кейінге қалдырылғанын айтты.

Күдікке ілінген Хаменова үй қамақта отыр. Айта кетейік, бұл өңірде ірі лаузаымды тұлғалардың қатысуымен орын алып отырған үшінші жемқорлық дауы. Қазір Атырау облысының бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 182 млн теңге көлемінде пара алды деп сотталып жатыр. Ал тағы бір орынбасары болған Қайрат Нұрлыбаев басқарманы басқарып тұрғанында ауыл шаруашылық саласына заңсыз 80 миллион субсидия бөлгені үшін істі болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.