Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«НЕСИЕГЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ КЕРЕК»

c 09:06, 09/12/2021 c 1316

0:00 / 0:00

Табысынан айырылып, қаржылық қиындыққа тап болып, несиесін өтей алмай жатқан қазақстандықтарға рақымшылық жасау ұсынылды. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында
"Ақ жол" фракциясының депутаттары үкіметке осындай ұсыныс-талабын жолдады. Мәжілісмен Азамат Әбілдаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында қаржылық қиындықтан шыға алмай, банк алдындағы борышын өтей алмай қиналып жүрген қазақстандықтардың қарызын кешіру керек деді. Депутаттың мәліметінше, қазір халықтың 27%-і – банк алдында борышкер. Ипотекалық несие бойынша берешегі 2,716 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға алынған несие – 5,19 триллион теңге болса, мерзімі өткен берешек 199 миллиард теңгені құрап отыр.

Пандемия кезінде халықтың басым бөлігі қаржылық қиындыққа тап болды. Көптеген бизнестің жұмысы тоқтап, адамдар жұмыссыз қалды. Табысынан айрыылып отырған халықты қымбатшылық та қысып отыр. Осылайша, несиеге алған баспана немесе тұтынушылық кредиттерін өтей алмай жатыр. мәжілісмен Әбілдаевтың мәліметінше, бүгінде халықтың 27%-і – банк алдында борышкер. Ел тұрғындарының ипотекалық несие бойынша берешегі 2,716 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға алынған несие – 5,19 триллион теңге болса, мерзімі өткен берешек 199 миллиард теңгеге жеткен. Банктер мен микрокредиттік ұйымдар халыққа несие беріп, көмек қолын созған болады. Ал банк алдындағы қарызын өтей алмай жатқандарды ісін коллекторлардың қыспағына жібереді. Бүгінде банктер қарақшыдан жаман дейді депутат.

Ақжол фракциясы үкіметке табысынан айырылып, қаржылық қиындыққа тап болып, несиесін өтей алмай жатқан қазақстандықтарға рақымшылық жасауды ұсынды. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдыған халыққа жасаған жақсылығымыз болсын дейді.

Жеке тұлғалар ғана емес, дағдарысқа ұшыраған кәсіпкерлер де банкке қарызға батып жатыр. Жалғыз пәтерін кепілдікке қойып, несие алып, өз ісін бастаған азаматтардың 90 проценті бүгінде кредитті қайтара алмай, банкрот болды.себебі, теңге тәуелсіздік жылдарында 95 есе өз құнын жоғалтыпты. Банктердің тілімен айтқанда, 9 500 пайызға құнсызданған. Бұған ешбір кәсіпкер төтеп бере алмайды дейді ақжолдықтар.

Үкіметке кредиттік рақымшылық жасаумен қатар "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң қабылдауды тездетуді ұсынды. Ал коллекторлық компанияларды, яғни "заңдастырылған рэкеттік компанияларды" тізгіндеуді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.