0:00 / 0:00
Қазқастан мен Өзбекстан арасында одақтастық қатынастар туралы Декларацияға қол қойылды. Бұған Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілді. Өзбек басшысын Ақордада сән-салтанатымен қарсы алған қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда көлемін ұлғайту мәселесіне тоқталды. Қазақ-өзбек үкіметтеріне жақын арада сауда көлемін 5 миллиард долларға, кейінірек 10 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырма берілді. Ақордада өткен екі ел Президенттерінің кездесуінен толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.
Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға сапары Ақордада дәстүрлі форматта өтті. Құрметті қонақты салтанатты қарсы алу рәсімі, Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президенттерге рапорт беруі, екі ел әнұрандарының орындалуы бұл кездесуде де орын алды. Қос Президент үкімет құрамымен танысып болған соң, Қасым-Жомарт Тоқаев қонағын Ақорданың Шығыс залына шақырып, шағын құрамдағы кездесуі өтті.
Екі жақ стратегиялық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиттік, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелеріне тоқталды. Президенттер екі ел арасындағы сауда көлемін өсіру мәселесіне тоқталды.
Бұдан соң, қазақ-өзбек басшылары кеңейтілген құрамдағы кездесуді екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірқатар құжаттарға қойл қойылды. Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік салалары бойынша кооперацияны дамыту мәселелеріне басымдық берді. Су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалары да қамтылды.
Айта кету керек, Тоқаев пен Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстан арасында одақтастық қатынастар туралы Декларацияға қол қойды. Екі ел басшылары бүгінгі қол жеткізілген келісімдер қазақ-өзбек қарым-қатынасындағы үлкен жетістіктер деп отыр.
Тараптар машина жасау саласында 200 млрд теңге көлеміндегі келісімге келді. Жалпы көрші Өзбекстанның мүмкіндіктері зор дейді саясаттанушылар. Инвестиция тартуда Қазақстаннан асып түсуі де мүмкін. Ол үшін Өзбек елі инвестициялық климатты тартымды ету жолында аянбай жұмыс істеуде. Ал екі көршінің ынтымақтастықты нығайта түсуі, сауда көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік бермек.