0:00 / 0:00
Оңтүстік Африкадан шыққан «омикрон» штамы әлемдік ғалымдарды алаңдатып отыр. Мамандар, коронавирустың бұл түрі өзгелеріне қарағанда жылдам тарайды дейді. Әлемді дүрліктірген коронавирустың «омикрон» штамының пайда болуына байланысты Қазақстан Үкіметі жаңа шектеулер енгізді. Денсаулық сақтау министрлігі 3 желтоқсаннан бастап 12 елден шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылатынын хабарлады. Сондай-ақ, Египетпен әуе қатынасы тоқтатылады. Бүгін өткен үкіметтің отырысында вице-министр Марат Шоранов жаңа шектеулер жайында мәлімдеді.
Эпидемиолог мамандардың айтуынша, жаңадан пайда болған «омикрон» штамының таралуынан әлемде коронавирустың бесінші толқыны болуы мүмкін. Ғалымдар енді ғана танып жатқан жаңа штамм басқа түрлеріне қарағанда тез тарайды.
Омикронның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін, денсаулық сақтау министрлігі 3-і желтоқсанынан бастап бірқатар шектеулерді енгізіп отыр. 12 елден шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне тиым салынады.
Сондай-ақ, "омикрон" тіркелген елдерден келген азаматтар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшауланады.Дәрігерлер оларды қашықтан бақылайтын болады. Мысыр еліне әуеқатынасы тоқтатылады. Себебі, Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штамының коронавирус инфекциясы анықталды. Айта кету керек, қазір қазақстандықтардың көбі жылы жақта демалып жатыр.
Оған қоса жаңа жылдың алдында шетел асатындардың да құрып қойған жоспарлары бар. Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының хабарлауынша, қазір Мысыр елінде 4 мың қазақстандық турист демалып жатыр. Енді сол азаматтарды жақын күндері елге қайтару үшін арнайы 23 рейс жіберіледі. Ал Египетке саяхатын жоспарлап қойғандар бағытын өзгерте алады немесе қаражаты қайтарылады деп отыр. Жалпы ел ішінде қауіпті індеттің таралу деңгейі тұрақтала бастаған. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 600 адамнан асып жығылады. Қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалды. Қалған өңірлер сары мен жасыл аймаққа жайғасты. Дегенмен, бұл тоқмейілсіп отыруға жол бермейді. Жаңадан пайда болған штамның таралуын болдырмау үшін халықыт вакцинациялау жұмысын тездету қажет дейді премьер-министр. Мамандардың айтуынша, әлемді дүрліктіріп жатқан коронавирустың «омикрон» штамы "дельтаға" қарағанда жұқпалы болып тұр. 20-30 жас аралығындағы азаматтар арасында көп тарауда. Оған қоса қайта жұқтыру қаупі де байқалуда.