Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА МАЛ ҚАЛДЫ МА?

c 17:51, 28/11/2021 c 721

0:00 / 0:00

Маңғыстауда мал қалмады. Жаз айларындағы қуаңшылықта жергілікті тұрғындар қолда бар малынан айырылып, өңірде жұт жалғасуда. Осыдан 10 күн бұрын Маңғыстаулық шаруалар елордаға келіп, жиын өткізіп, Үкіметтен облыста Төтенше жағдай жариялауда талап еткені есімізде. Әзірге шаруалардың талабы жауапсыз. Ал облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде малға қажетті жем-шөптің барын айтады.Мал санының қырылуы ресми деректен де көп деген мәліметпен әкім келіспейді.Бұл жайында ол елордада өткен әкмідердің дәстүрлі баспасөз маслихаты барысында айтты.
Мәтін. Жаз айлары шөлді дала Маңғыстау өңірі үшін оңай болмады. Жергілікті шаруалар Маңғыстау облысында жалғасын тауып жатқан жұтқа байланысты төтенше жағдай жариялауда талап етуде. Олар өңірде мал әлі қырылып жатыр. Қыстан аман шықпайды. Үкімет бөлген қаражат тиындап таратылуда. Оған малдың жем-шөбін сатып алуға мүмкін емес. Ал ауыл шаруашылық министрлігі ұсынған сатистика шындыққа жанаспайды. Өңірде 1000 бастан астам мал қырылды деген ресми көрсеткіш бес есеге көп дейді олар. Алайда, облыс әкімі жұттан қырылған малдың санын кемітіп көрсетті деген ақпаратпен келіспейді.

Өздеріңізге мәлім, елде орын алған құрғақшылық Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына қатты әсер етті. Мыңдаған мал қырылып, шаруалар табысынан айырылды. Бұл мәселеге Парламент депутаттары да араласып, өңірде төтенше жағдай жариялау қажеттігін сұрауда. Мал қырылып, жұт болған кезде халық өз көмегін аяған жоқ. Белсенді топтар қаржы жинап, дергіолікті шаруаларға көмек қолын созған болды. Ал Үкімет резервінен 1 млрд 900 млн теңге бөлініп, малы қырылып, тіркелген шаруаларға берілді.Сондай-ақ, «жасыл дәліз» жарияланып, басқа да фермерлердің малына жем-шөп алуға көмек жасалады. Әкім, қырылған мал санын өлексесі бойынша есептеп жатырмыз дейді.

Маңғыстаудағы жұт зардаптарын жоюға бюджеттен бөлінген қаржы жеткілікті ме? Ол қалай жұмсалып жатыр? Жалпы шаруалар талап еткендей, әкім өңірде Төтенше жағдай жариялауға қалай қарайды деген сауалдарға нақты жауап ала алмадық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.