Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

c 13:23, 28/11/2021 c 763

0:00 / 0:00

Қазақстанда 7 бағыт бойынша ақылы жолдар енгізіліп отыр. Енді 4 жолақтан тұратын бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады. "Қазавтожол" Ұлттық компаниясының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан - Павлодар; Қапшағай - Талдықорған; Тараз - Қайнар; Шымкент - Тараз; Шымкент - Қызылорда; Шымкент - Ташкент; Щучинск – Көкшетау жолдарында енді тегін жүре алмаймыз. Алайда, жол сапасына жауап беретін құзырлы орган өкілдері ақылы жолдың сапасы керемет болады деп айта алмайды. ҚазАвтожол компаниясының басшысы Асқар Мұратұлы ақылы жолдарды қардан тазалап үлгермей жатамыз, техника тапшы деп мұңын шақты. Бұл жайында ол ОКҚ өткен брифингте айтқан еді.
Бүгінде қазақстандықтар Нұр-Сұлтан-Көкшетау автобаны арқылы ақылы жолда жүруге машықтанып қалған. Жол бойында қызмет көресту орындарының да жұмысы енді жандана бастады. Тек қыс айларында ақысын төлеп тұрып жүріп жатқан жолдың сапасы сын көтермей қалады. Қалың жауған қардан жолды тазалап үлгермей жататын деректер жиі орын алады.

Енді еліміздің 7 бірдей бағытында ақылы жол енгізіліп отыр. Жолға төленген қаражат, осы автожолдарды ұстауға жұмсалады деп сендіреді құзырлы орган өкілдері. Ал жыл сайын қазынадан республкиалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат жетпей жатады. Енді ақылы жолдар арқылы осы мәселе толық шешіледі деген үмітте үкімет. Дамыған елдерде ақылы жолдардың бойындағы қызмет көресту нысандары бар. Ал бізде енді Нұр-Сұлтан - Павлодар; Қапшағай - Талдықорған; Тараз - Қайнар; Шымкент - Тараз; Шымкент - Қызылорда; Шымкент - Ташкент; Щучинск – Көкшетау жолдарын ақылы қылмақ. Ал бұл тас жолдардың бойында жолаушыға қажеттіліктің бәрі бар деп айту қиын. Яғни ақысын төлеп, есігі жоқ дәретхананы қолдану ешбір санаға сыймас әрине.

АСҚАР МҰРАТҰЛЫ –«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Жалпы бізде жол бойында қызмет көрсететін 1700 нысан бар. Оның 63 пайызы яғни мыңнан астамы қызмет көрсетудің арнайы стандарттарына сай жұмыс істеуде. Ал стандартқа сай жұмыс істемейтін нысандар бойынша оларды ретке келтіру үшін жергілікті әкімдіктермен жұмыс жүріп жатыр. Осылайша 2025 жылға дейін қосымша жол бойындағы 400 нысанды қосу жоспары бар»

Сапалы жол үшін қазақстандық жүргізушілер ақы төлеуге қарсы емес әрине. Дегенмен, ақысы төленген соң жолдың сапасы жоғары болса деген үміт бар. Жүргізушілердің жиі шағымданатыны-жол бойындағы дәретхана мәселесі болып тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын жол бойында 300 қазіргі заман талабына сай дәретхана салу жоспарланғанды. Оның бірқатары 23 миллион теңгеге бағаланғанып, қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.