0:00 / 0:00
Интернет –алаяқтық қылмысы өршіп тұр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,
Бұл қылмыс түрі 2021 жылдың 10 айында 2020 жылмен салыстырғанда 80 пайызға өсті. Сондай-ақ, құжаттарыңызды жоғалтып, көргендер болса хабарласыңыз деп жарнама беру де ақуіпті болып тұр. Алаяқтар бұл хабарламаны әлеуметтік желіден тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш беріп, біраз азаматтың атынан енсие алған. Азаматтар несие төлеу мерзімі өтіп кеткені туралы хабарлама келгенге дейін өздеріне шағын несие рәсімделгенін білмеген. Қазіргі уақытта 10 млн теңгеден астам шығын келген 320 адам анықталып отыр.
Полиция қанша ескерту жасаса да, сенгіш халық интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, сан қағып қалып жатыр. Соңғы уақытта интернет-алаяқтық қоғамда кең тарап кетті. 2019 жылы Қазақстанда олардың саны 7 700 болса, 2020 жылдың аяғында 14 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Ал биылғы жылдың 10 айында 14 мыңнан асып отыр. Бір жылда олардың саны 80 пайызға өсіп, 17 800 қылмысты құрады. Алаяқтар бұл заңсыз әрекетін, интернет арқылы тауар сатқан болып немесе қандай бір қызмет түрін көрсетіп сенімге кіріп алады.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ –ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ « Интернет арқылы қандай да бір тауар сатып алу барысында немесе қызмет түрін алуда алдын ала төлем жасауды сұрайды. Тқлем жасасылысымен сайтты жауып, телефондарына жауап бермей қояды. Бүгінгі күні осындай 8 мың қылмыс тіркеліп отыр».
Онлайн –несие мәселесі де қылмыскерлер үшін тиімді болып тұр. Көп жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған нөмірлермен қоңырау шалады. 1200 жағдайда жәбірленушілер фишингтік интернет-ресурстарға деректерін өз еркімен енгізген. Түрлі жобаларға, ойындарға тиімді инвестициялау желеуімен 2000-ға жуық алаяқтық жасалған.Тізе берсек, интернеттің қыр-сырын меңгеріп алғандар алаяқтық жолмен табыс табуға әбден кіріскен. Полция интернет-алаяқтықтан қорғанудың жолдары- пластик картаңыздың реквизиттерін ешкімге айтпаңыз. Аударымдар туралы түбіртекті, кодыңыз бен құпия сөзіңізді тіпті банк қызметкеріне де, полицияға да бермеңіз деген кеңес береді. Сондай-ақ, құжаттарыңызды жоғалтып, көргендер болса хабарласыңыз деп бүкіл мәліметіңізді таратуда да қауіпті болып тұр. Алаяқтар бұл хабарламаны әлеуметтік желіден тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш беріп, біраз азаматтың атынан несие алған.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ –ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Атырау облысы полиция әлеуметтік желіден құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыруларды тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш берген Семей тұрғынын ұстады. Азаматтар несие төлеу мерзімі өтіп кеткені туралы хабарлама келгенге дейін өздеріне шағын несие рәсімделгенін білмеген. Қазіргі уақытта 10 млн теңгеден астам шығын келген 320 адам анықталды».
Алаяқтықтың тағы бір түрі – патер жалға беремін деп алдап кететіндер де көбейді. Мұндай дерек Павлодар облысында тіркелді. Жергілікті тұрғын сайттарға арзан бағамен пәтер жалға беремін деп хабарландырулар ілген. Алаяқ алғы төлемді әртүрлі шоттарға аударуды өтініп, ақшаны алған соң нөмірін сөндіріп, хабарландыруды өшіріп отырған. Қазіргі уақытта күдіктінің 30 қылмысқа қатысы бары анықталды. Келтірілген шығын 800 мың теңгеден асады.