Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ҚАТЫП ҚАЛДЫ

c 22:13, 20/11/2021 c 1066

0:00 / 0:00

Ел астанасында тұрып жатса да, тонна-тонна көмір алып, пеш жағудан шаршаған нұр-сұлтандықтарға биыл газ тартылып, өмірі жеңілдетілген еді. Алайда, астаналықтардың бұл қуанышы көпке созылмады. Нұр-Сұлтанда бүгін қыстың алғашқы аязында-ақ, газ құбыры қатып, жекеменшік тұрғын үйде тұратындар жылусыз қалды. Тұрғындар осымен екінші рет газ қатып жатқанын айтып, шағымданды. Ал әкімдік өкілдері газ құбырындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанша, әр үйге бір қаптан көмір таратып жатыр. Бұл мәселені толық шеше ме? Толығырақ елордалық тілшіміз Әселім Қалкен баяндайды.

Сарыарқа газ құбырын тарту жобасы аясында елорданы газдандыру жұмысының нәтижесі осындай болып тұр. Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданына қарасты Көктал-2 кентінің тұрғындары бір тәулік бойы жылусыз қалып отыр. Кешеден бері апаттық қызметке хабарласып, көмек сұраған халыққа әкімдік өкілдері журанлистермен бірге келді. Қыс енді басталды. 20 градустың аяздың өзінде-ақ газ қатып қалып жатыр. Тұрғындар болса, газға сеніп көмір сатып алмаған. Бала-шаға, қариялар суық үйде дірдектеп отырмыз дейді. Бір өкініштісі газ осымен екінші рет қатып қалып отыр. Ол кезде әкімдік өкілдері бұл газ құбырын тартқан кезде бастапқыда болатын қалыпты құбылыс деген еді. Алайда, құбылыс тағы да қайталанды.

Бір айта кететіні әкімдіктің газ құбырын тарту жобасы, тұрғындардың қалтасына салмақ салды. Үйінің жанына келіп тұрғанды газды кіргізіп алуға қажетті жабдықтар сатып алып, ортану үшін миллион теңгеден артық қаражат жұмсаған. Тұрғындардың ішінде газ өткізу үшін несие алғандары да бар.

Мәлім болғандай әзірге табиғи отын жекелеген тұтынушыларға ғана жеткізіліп отырғандықтан, конденсаттың пайда болуына әкеп соғып отыр. Егер жаппай газ пайдаланылса, мұндай жағдай орын алмайды. Газ қатпайды, қатып қалып жатқаны осы конденсат дейді аудан әкімінің орынбасары. Әкімдік газды қосу жұмысы аяқталғанша, әр үйге бір қап көмірден таратып бермекші.

ЕРКІН ҚҰРМАН – САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Инженерлік желі бойныша газ құбыры бітеліп қалған. Дымқылданғанда қысым төмендейді. Сосын бітеледі. Сол себепті абоненттер газсыз қалып отыр. Біз апатты жағдайды жою үшін бригада санын арттырдық, мамандандырылған техниканы көбейттік. Газ қосылғанша, тұрғындарға әр үйге бір қап Шұбаркөл көмірінен таратып береміз».

Әзірге тек Сарыарқа ауданы бойынша 900 үйге газ тартылған. Қазір елордада 200-дей нысан көгілдер отынға қосылған. 12 мыңнан аса абонентке газ жеткізу жоспарланды. Бірақ елорда жұрты газдың рахатын емес, бейнетін көріп жатыр. Әрине халыққа көмір жағып, бейнеттенгенше, газды қосып қойып отырған жақсы ғой.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.