Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА ВАКЦИНА САЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

c 10:12, 15/11/2021 c 876

0:00 / 0:00

Алдағы дүйсенбіден бастап балаларға вакцина салу науқаны басталды. Ел астанасына коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 35 мың дозасының бірінші партиясы жеткізілді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Әлия Рүстемованың айтуынша, елордаға жалпы Pfizer екпесінің 219 мың дозасы қажет. Бұл екпе қала бойынша 114 мың адамға салынбақ. Олар 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті әйелдер және емізулі баласы бар әйелдерге жасалады.
Көпшілік күткен Pfizer вакцинасының алғашқы 35 мың дозасы елордаға жетті. Америкалық вакцина барлық вакциналар мен медициналық қорғану заттарын сақтайтын қоймадағы тоңазытқышта -80 градус температурасында сақтаулы.Вакцина қоймадан егу пунктеріне мұздатқыштарда жеткізіледі.

ӘЛИЯ РҮСТЕМОВА - ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ  "Кеше елордада Pfizer вакцинасының 35 мың 100 дозасының бірінші партиясы әкелінді. Жалпы қалаға осы екпенің 219 мың дозасы қажет. 114 мың адамды қамтимыз деп отырмыз. Алдағы дүйсенбіден бастап балалар мен жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге вакцина салу науқаны басталады»

Мамандар Pfizer вакцинасын салғызғандар вирус жұқтырмайды деп сендіреді. Себебі, оның құрамында тірі вирус жоқ дейді олар.

 ӘЛИЯ РҮСТЕМОВА - ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Неге балаларға Pfizer вакцинасын салғалы жатырмыз? Себебі, вакцина ДДҰ-мен ұсынылған, қауіпсіз. Сондай-ақ бұл екпені салдырғандар вирус жұқтырмайды. Себебі, құрамында тірі вирус жоқ.».

Енді алдағы аптадан бастап барлық білім ордаларында аталған екпемен егу науқаны басталады. Балаларға екпе жасау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізіледі. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері тіпті ата-аналарға баласына вакцина салу барысына қатысуға рұқсат беріледі деп отыр. Яғни мектепке кіріп, екпе жасау барысын бақылай алады. Елордада 132 мектеп бар. 12 мен 17 жас аралығында 110 мың бала тіркелген.

Сондай-ақ, жаңадан келген вацина 16 мен 37 апта аралығындағы жүкті әйелдерге, бала емізетін аналар салынады. Нұр-Сұлтанда 5 мың жүкті әйел мен, емізулі баласы бар 28 мың ана тіркелген.

Қазіргі таңда елордада 63 мың бала Pfizer вакцинациясын ала-алады.Қалада жалпы 90-нан астам егу пунктері бар, Алайда, Pfizer медициналық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің фельдшерлік пунктерінде ғана егілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.