Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨМІР САЛЫҒЫ

c 10:05, 05/11/2021 c 1215

0:00 / 0:00

Қазақстанда көміртек салығы енгізілуі мүмкін. Бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысында Экология министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның жаһандық температураның 2 градустан астам өсуіне жол бермеу жөніндегі Париж келісімін орындауға, 2060 жылы көмірді тұтынудан толық бас тарту туралы міндетті атқаруға кіріскенін айтты. Бұл орайда министр көміртегі бейтараптылығы мақсаты туралы мәлімдеген елдердің саны жыл сайын артып келе жатқанны сөз етті. Ол үшін көміртегі салығы енгізілмек. Ал бұл салықтың экономикаға оң әсері бар деді. Ал қоршаған ортаны қорағу мақсатында, елде газдандыру 2025 жылы 60 пайызды құрайтын болады деп мәлімдеп отыр бас энергетик Мағзұм Мырзағалиев.
Экологиялық тәрбие, қоршаған ортаны ластанудан қорғау басты мәселеге айналған. Климаттың өзгеруі, жаҺандық жылудың артуы экологтарды алаңдатады. Қазақстан да әлем елдері сияқты жаһандық температураның 2 градустан астам өсуіне жол бермеу жөніндегі Париж келісімін қолдайды. Бүгінде жылуды да, суды да, энергия көзін түгел станциялар көмірді тұтыну арқылы таратып отыр. Көмірге тәуелділік 90 пайызды құрайды. Өкінішке орай бұдан қоршаған ортаға келіп жатқан зиян орасан зор. Мұржалардан шыққан қара түтін, парниктік газдар ауаны ластап, қатты тұрмыстық қоқыстардың үйінділері де климаттың өзгеруіне әкеп соғуда. Әлем елдері баламалы энергия көздерін тауып, енгізуде. Бүгінде көмір саласына экономикалық қысым күшейіп келеді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, 2015 жылдан бастап бүкіл әлемде салынып жатқан көмір электр стансаларының саны 84 пайызға кеміген. Ал Қазақстан бұл мақсатқа тек 2060 жылы ғана жетуі мүмкін. 2023 жылдан бастап еуропалық одақ көміртек өнімдер импортына арналған шекаралық көміртек салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл халықаралық сауда ережесін түбегейлі өзгертеді дейді министр.

Министр айтқандай көмір салығы салынса, қара отынды тұтынатын ірі өнеркәсіп орындарының экологиялық жауапкершілігі артуы да мүмкін. Ал еліміздің бас энергетигі көмірден бас тартып, елді газдандыру мәселесінде 2025 жылы айтарлықтай жетістікке жетеміз деп отыр.

Өздеріңізге мәлім, «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры жобасы аясында елордаға газ тартылды. Алайда, бірінші аяздардан-ақ, жекеменшік үй тұрғындары «газ қатып қалып жатыр» деп шағымдануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.