Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨМІРДЕН БАС ТАРТУ МҮМКІН БЕ?

c 10:58, 01/11/2021 c 758

0:00 / 0:00

Қазақстан көмір отынынан толық бас тарта ала ма? Париж келісіміндегі талаптарды орындау мүмкін бе? Президенттің 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін орындай аламыз ба? Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке жолдаған сауалында осы сұрақтарға жауап іздеді. Электр станциялары мен ірі өнеркәсіптер түгел көмір отынын қолданады. Станциялар мен зауыттардың мұржаларынан шыққан қара түтін ауаға тарап, қоршаған ортаның ластануына бірден-бір себеп болуда. Көмірден бас тартып, экологияға зияны жоқ баламалы энергия көзін қолдану үшін әлі көп жыл қажет. Себебі, Қазақстанда жасыл энергияны қолдану аясы дамымаған.
Ғалымдар климаттың жаһанды өзгеруі антропогендік қызметтің салдарынан пайда болған парниктік газдардың атмосфераға көптеп шығарылуына байланысты деп отыр. Қазір әлем болып осымен күресуде. Атмосфераға зияны тимейтін баламалы энергия көзін іздеп әлек. Депутат Жаңбыршиннің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 1970 жылмен салыстырғанда ауа-райының апаты қазіргі кезде бес есеге көп тіркеліп, залалы жеті есе қымбатқа шыққан. Әлемдегі жағдай Қазақстанда да байқала бастады. Биыл батыс өңірінде орын алған қуаңшылықты алсақ. Соңғы бес жылда Маңғыстауда жауын-шашынның мөлшері нормадан 1,5-2 есеге кем түскен, Жайық өзені ағымының мөлшері 2,5 есеге азайған. Іле Алатауындағы мұздықтардың ауданы 40% қысқарған. Бұл алаңдайтын жағдай. Үкімет Париж келісіміндегі талаптарды орындау үшін «Көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін қол жеткізу Доктринасын» әзірледі. Ел Президенті 2060 жылға қарай көміртегінен арылу міндетін қойды.

Яғни қырық жылдан соң елде көмірмен істейтін жасайтын бірде-бір электр станциясы болмауы керек. Мәжілісменді бұл орайда көмірден бас тарту мүмкін бе деген сауал мазалайды.

Қазақстанда электр және жылу энергиясын көмірден алынып отыр. Ал баламалы энергия көзін тарту мәселесі әлі де кенже қалуда. Депутаттың айтуынша, көмір жағатын станцияларда 60 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Көмірден бас тартатын болсақ, осынша жұмыс орны қысқарады.

Депутаттар Үкіметтен 2060 жылға дейінгі Қазақстан энергетикасын дамытудың Стратегиялық жоспарын қабылдауды талап етті. Ал көмір өндірісін түбегейлі жоғалтпау үшін, көмір химия саласын дамытудың кешенді жоспары жасақталғаны жөн дейді. Сондай-ақ, осы сала мамандарын қайта даярлауды кезеңмен іске асыратын жоспар дайындауды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.