Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЦОЙ НЕ ДЕЙДІ?

c 10:08, 27/10/2021 c 1600

0:00 / 0:00

Еліміздің бас дәрігері Алексей Цой алдағы екі айға ковидтің таралуы бойынша болжамын айтты. Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий бойынша қараша айында тәулігіне 1800 жағдайға дейін, желтоқсанда – 2 350 жағдайға дейін тіркеледі. Ал реалистік сценарийге сәйкес, ковид жұқтырғандар саны қарашада – 1650 адамға, желтоқсанда – 1600 жағдайға дейін жетеді. Оптимистік сценарий бойынша: қарашада тәулігіне 1500 жағдайға дейін, желтоқсанда 1100 жағдайға дейін жетеді. Цойға сенсек, елдегі эпиджағдай ушықпайды. Дегенмен, көрші Ресейде орын алып отырған жағдайда, шекарадағы карантиндік шараны күшейту керек деді пермьер-министр.

Үкімет көрші елдерде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейтпек. Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық деңгейі 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге қысқарды. Елде эпиджағдай тұрақталуда. Мегаполис қалалар -Нұр-Сұлтан мен Алматы қызыл аймақтан шығып, сары аймаққа орналасты. Өткен тәулікте республика бойынша індет жұқтырғандар саны 1300 адамнан асты. Енді бас дәрігер Цой алдағы екі айға болжамын әзірлеп қойыпты.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ « Пессимистік сценарий бойынша қараша айында тәулігіне 1800 жағдайға дейін, желтоқсанда – 2 350 жағдайға дейін тіркеледі. Реалистік сценарийге келсек, қарашада – 1650 науқас, желтоқсанда – 1600 жағдай болуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша: қарашада – 1500 жағдайға дейін, желтоқсанда – тәулігіне 1100 жағдайға дейін жетеді».

Министрдің айтуынша, ковидке қарсы емдеп жатқан ауруханаларда бос орындар саны артып жатыр. Осылайша елдегі жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда дейді ол. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Ресейде ковид жұқтырғандар саны артып, карантиндік шектеулер күшейіп жатыр. Осыған орай, үкімет басы шекараны мықтауды тапсырды.Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы екпе салдыру барысы баяу жүріп жатқан аймақтар тағы да сынға ілікті.

Қазір республикада 8,2 миллион адам бірінші компонент, 7,3 миллион адам екінші компонент алды.
Өкінішке орай, екпе салдырғандар арасында да індет жұқтырып, көз жұмып жатқандар жоқ емес. Алексей Цой вакцинасы бол тұра, 731 адам ауырып, қайтыс болды дейді.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Ақпан айы мен қыркүйек айы аралығында екпе алғандар арасында ауырып, көз жұмғандар саны 731 адамды құрады. Осы аралықта ковидтен вакцина салдырмаған 11 мың адам көз жұмды».

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанға жеткізілетін коронавирусқа қарсы ақылы вакциналар қымбатқа түспейді. Алексей Цой екпенің нақты құнын атай алмады.
Жалпы вакциналар қымбат емес. Бағасы 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейінгі аралықта дейді ол.
Қазір елге Дүниежүзілік денсаулық ұйымының тіркеуінен өткен ақылы вакциналар жеткізу мәселесін пысықтап жатыр. Министр Цой ақылы вакцинация тегін вакцина салдырғысы келмейтін қазақстандықтар үшін "баламалы аналог" болады дейді. Өздеріңізге мәлім, жақында Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Бұл екпе балалар мен жүкті әйелдерге салынбақ. Ал қазір елде ресейлік, қытайлық және қазақстандық вакцина салынып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.