0:00 / 0:00
Қазақстанда тағы да азық-түлік қымбаттайды деген болжам бар. Ауыл шаруашылық вице-министрі азық-түліктің қай түрі қымбаттайтынын айтып берді. Биылғы шыққан астықтың аздығынан барлық азық-түлік тауарларын өндірушілер өзінің баға саясатынын өайта қарастырып жатыр. Соның ішінде ұн өнімдеріне баға шарықтауы мүмкін.
Азық-түлік бағасы инфляцияның шарықтауына басты себеп болып отыр. Ал тамақ қымбаттаса, басқа да тауар түрлерінің құны аспандап шыға келеді. Күнделікті тұтынатын азық-түліктің қымбаттауы халықтың қалтасына үлкен салмақ салады. Биылғы шыққан астық көлемі аз болды. Жазғы қуаңшылықтың теріс әсерін сезінген диқаншылар жинаған егініміз аз деп отыр. Бұл әрине астықтың қымбаттауына әкеп соғып, оның соңы тек ұн өнімдеріне ғана емес, ет пен жұмыртқаға да әсер етуде. Себебі, мал, құстың жем қоры-бидай дәні. Астық бағасының шарықтауы әлемде орын алып отыр. Енді азық-түлік тауарларын өндірушілер баға саясатын қайта қарамақшы. Ауыл шаурашылық министрлігінің жағымсыз болжауы бойынша картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қарақұмық пен күнбағыс майына баға өседі. Ет те қымбаттайды.
Ендігі дүкен сөрелеріндегі тауарларындың бағасы мен мұндалап тұр. Тұтынушы себетінен түспейтін –ет, көөкніс, жарма түрлері қымбаттап кеткен. Азық-түлік инфляциясы күн сайын артып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұған импорт себеп болып отыр. Біз 3,4 млрд долларға азық-түлік сатып аламыз. Ал отандық өнім бағасын төмендетіп ұстау мүмкін емес. Бағаны ұстап тұру үшін азық-түлік өндірушілерге үнемі бюджеттен субсидия беріп отыру керек. Олай болмаса, отандық өндірушлер экспортқа шыққанды жөн көреді. Себебі, оларға ішкі нарықты қамтимын деп, шығынға батқанша, экспортқа шығарған әлдеқайда тиімді.
Бағаның шарықтауына құрғақшылық пен импорт ғана емес, жанар-жағар майдың да құны әсер етуде. Мұнай өндіріп отырып дизель отының тапшылығын көрудеміз. Жыл басынан бері елде жанар-жағар май бағасы 9 пайызға қымбаттады. Ал шенеуніктердің мәліметінше, азық-түлік құны 11 пайызға өсті. Бұл орайда қазақстандықтардың тек еңбекақысы ғана өспей отыр.