Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«1 ГРАММ ҮШІН СОТТАЛАДЫ»

c 10:18, 12/10/2021 c 2079

0:00 / 0:00

Қазақстанда есірткі айналымы күшейіп тұр. Тек биылдың өзінде есірткіге қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс тіркеліп отыр. Бүгінгі күні елде есірткіге тәуелді 18 мың адам тіркеуде тұр. Оның ішінде 1500 әйел мен 62 жасөспірім.

БЕРІКХАН НҰРҒАЛИЕВ – ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «Осы жылдың 9 айы ішінде 1 929 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 1 136 есірткі өткізу фактісі және 326 есірткіні аса ірі көлемде сақтау фактілері бар. Ұйымдасқан 7 қылмыстық топтың жолы кесілді. Осы топты құрып және басқаруға қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды. 12 тоннадан астам әртүрлі есірткі құралдары алынды, оның ішінде 4,9 кг героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 кг гашиш және 107 кг синтетикалық есірткілер».

Нұрғалиев мырза атап өткендей, синтетикалық есірткіні қолдану аясы кеңіген. Синтетикалық есірткі жасайтын лабораториялардың басым бөлігі Ақтөбе, Қарағанды облыыстары мен Алматы қаласында тіркелген. Көп көлемдегі есірткінің заңсыз айналымына оңтүстік өңірдегі қарасораның өсуі де әсер етуде дейді полицейлер. Айта кету керек, синтетикалық есірткінің айналымын тоқтату үшін, қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп отыр.

Снх. БЕРІКХАН НҰРҒАЛИЕВ – ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «14 қазаннан бастап синтетикалық есірткінің тағы 11 жаңа түрі мен 17 прекурсордың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. "Пиралерон" , мефедрон және синтетикалық каннабиноидтың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікке тарту күшейтілді. Енді 50 грамм емес, 1 грамм есірткі үшін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр»

Себебі осы заттардың көмегімен есірткі жасалуы мүмкін дейді полицейлер. Республика бойынша 13 есірткі өндіретін лаборатрия анықталып, жұмысы тоқтатылды. Есірткі сатып отырған сайттардың жұмысы да күшейген. Жыл басынан бері 965 сайт анықталып, 555-і бұғатталды. Қазақстан әлем елдері арасында есірткі айналымы бойынша 33 орында тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.