0:00 / 0:00
Алайда, депутаттар құжатта шенеуніктер кәсіпорындарға қысым көрсетпеу үшін критерийлер мен принциптерді бекіту қарастырылмаған, орта бизнесті қолдау тетіктері айқындалмаған деп отыр.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" туралы заң жобасын кеше ғана «Ақ жо»л партиясы өз отырысында талқылап, шенеуніктерге бизнесті қолдау тетіктерін дәлелдеген болатын. Партия төрағасының айтуынша, мемлекеттік органдар инвесторларға берілген уәдені сақтамайды. Субсидияның 30 пайызын қайтару мәселесі аяқсыз қалуда. Бизнеске қолайлы жағдай жасау туралы партия үкіметке талай ұсыныс жасаған болатын. Бірақ еститін құлақ жоқ.
Ал бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында аталмыш құжат бірінші оқылымда талқыланды. Жоба президенттің тапсырмасына сәйкес әзірленді. Өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың негізгі қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін қамтыған заң жобасының басты міндеті – өнеркәсіптің әлеуетін толық ашу. Алайда, депутаттар үкімет ұсынған жоба шикі. Өңдеуші кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету ережелері бекітілмеген деді. Бұл орайда индустрия министрінің жауабы жалпылама болып кетті. Араға спикер килігіп, министрді сынап тастады.
НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІСІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ "Бейбіт Бәкірұлы, сіздің қойылған сұраққа жауап бермей, өзіңіз аз-маз білетін тақырыпта сөйлей беретін таңғаларлық қасиетіңіз бар. Өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету қағидалары мен ережелері заң жобасында жазылуы керек. Жобада болашақта шенеуніктер кәсіпорындарға қысым көрсетпеу үшін критерийлер мен принциптерді бекіту қажет»
Министр Атамқұлов болса, басын шұлғып, төрағаның сөзін құптаумен болды.
Талқылай келе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау туралы ұсыныс түсті. Аталған кемшіліктермен екінші оқылымға дейін жұмыс істеу айтылды. Алайда, «Ақ жол» фракциясы түгел "Өнеркәсіптік саясат туралы" туралы заң жобасын қолдаудан бас тартып, дауыс бермеді .