Келер жылдан қолданысқа енгізілетін баршаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі әрбір азаматты толғандыратыны мәлім. Сақтандыру жүйесі еліміздің медицинасының дамуына үлес қосып, азаматтарға көрсетілетін қызмет түрі бәсекеге қабілетті болуына ықпал жасамақ. Қазіргі таңда еліміздің барлық азаматтары өздері қалаған емханаға тіркеліп жатыр. Яғни, әрбір азамат өзі ем-дом қабылдағысы келетін емдеу мекемесін таңдай алады. Алайда, таңдаған емханаңыз үйіңізден шалғай орналасқан жағдайда ауырған кезде үйге дәрігер шақыра алатын қызметтен қағыласыз. Айталық, №6 қалалық емханаға 15-ші қыркүйектен бастап 200-ге жуық азамат аталмыш емханаға тіркеліпті.