Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдаудың талаптары

c 12:28, 04/09/2019 c 937

0:00 / 0:00

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, азаматтардың жасы мен жинаған сомасы назарға алынатын болады. Бұл жайында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты. Қордағы ақша бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге берілуі мүмкін. Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында үкіметке қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы ақшасын өз мүддесіне жұмсауға мүмкіндік беру мәселесін тапсырған болатын.

Үкіметтің бүгінгі отырысы ел Президентінің кешегі жолдауына арналды. Министрлер кабинеті жолдауда жүктелген мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Жолдаудағы басты жаңалықтың бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағындағы ақшасына баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға мүмкіндік беруді тапсырған болатын. Енді Үкімет ол мәселені шешуде ең алдымен бюджеттік мекемеде істейтін қызметкерлерге беруді ұсынып отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны берген кезде, азаматтардың жасы мен жинаған сомасы назарға алынбақ.

Сапарбаевтың айтуынша, зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін ғана алуға болады. Бұл мәселе әлі ұлттық банкпен талқыланады. Жолдауда баға саясаты да сөз болған еді. Президент әуе билеттерінің қымбат екенін айтып, сынаған болатын.  Әуе билеттерінің қымбаттығын Вице-премьер Жеңіс Қасымбек елде ұшақтардың жетіспеушілігімен байланыстырады.

Ал теміржол  билеттерінің тапшылығын билеттерді сату процесін цифрландыру арқылы шешеміз деп отыр. Тіпті билеттерді сату тәртібін реттейтін норма енгізіледі. Сондай-ақ, "Қазақстан теміржолы" компаниясы жыл сайын 100-ден аса жаңа жолаушы вагонын сатып алатын болды. Қазақстан Халқына арналған жолдауда айтылғандай, жыл соңына дейін шағын және микро бизнесті үш жылға салықтан босату туралы заң әзірленеді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше,  сондай-ақ, келесі жылдың басынан  бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым күшіне енеді. Айтпақшы, мемлекет басшысы саны көп, сапасы жоқ ұлттық компаниялар мен холдингтерді қысқартуды да тапсырған болатын. Самұрық-Қазына қорының басшысы өз қарамағында 30 пайызға қысқарту болғанын айтады. Жалақысы әлдеқайда жоғары ұлттық компания өкілдеріне қосымша бонустар еңбегіне қарай беріледі деп, ақталды Есімов мырза.

Үкімет енді Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер санын қысқартуды бастайды. Ал босатылған қаражат неғұрлым пайдалы қызметкерлерге бонус ретінде беріледі. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25 пайызға қысқармақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.