Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәнібекте 80 үй салынып жатыр

c 19:17, 11/06/2018 c 844

0:00 / 0:00

Облыс орталығынан алас жатқанмен ешкімнен қалыспай қарқынды дамып келе жатырған аудандардың бірі - Жәнібек ауданы. Бүгінгі таңда аудан орталығында мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен бой көтеріп жатырған 80 баспана жыл соңына дейін тұрғындар игілігіне пайдалануға табысталмақ. Аудан аумағындағы бірнеше нысандарды аралап көрген облыс әкімі көп жылдан бері күрмеуі шешілмей келе жатырған ресеймен шекаралас күре жолдың да жай-күйімен аяқтай барып танысты. Толығырақ тілші жалғастырсын.

Облыс әкімі Жәнібек ауданындағы жұмыс сапарын Ақоба ауылдық округі аумағында орналасқан Әбділман-Соркөл жайылмаларымен танысудан бастады. Қысқы қар суын ұстап қалуға арналған нысанның осы маңда мал ұстап отырған бірнеше округ шаруалары үшін маңызы зор. Қызыл су жылма-жыл далаға жайылып, жаз ортасында жиналған судан айырылып қалатын қожалықтарға енді сусыз қаламыз деп абыржудың қажеті жоқ.

Алексей Безьянов
Мердігер мекеме директоры
Жайылмалы суарудың жалпы көлемі 1870 гектарды құрайды. Биылғы жиналған су көлемі жеткілікті. Алдағы уақытта қар мол түсіп, жауын-шашын болып тұрса, мұнда 2-6 млн текше метрге дейін су жиналатын болады. Құрылыс жұмыстарының барысында аталмыш жайылмалардың жағалаулары кеңейтіліп, плиталар төселіп, дамбалар жасалды. Сондай-ақ каналдар тазартылып, су ағызу құрылғылары қондырылды.

Жайылманың жайын жоғарыға жеткізіп, жөндеуден өткіздірген "Әлем" шаруа қожалығының қожайынының «Беркәлі» қыстағындағы төрт түлік мал басы санын асылдандыру мақсатындағы малды қолданы ұрықтандыру пунктінің жұмысымен де танысты.
Артынша Ақоба ауылына ат басын бұрған қонақтарды қарсылаған ауыл ақсақалдары жылдан-жылға жағдайларының жақсарып келе жатырғандарын жеткізіп, соның бір көрінісі осы Ақоба ауылына өткізіліп жатырған ауыз су мен спорт зал, дәрігерлік пункт сынды маңызды нысандардың жөнделуі деді. Өңір әкімі ол нысандарды да аяқтай барып аралап көрді.
Ағымдағы жылы ауданда атқарылып жатырған жұмыстар жетерлік. Егер бір ғана Тегісшіл елді-мекеніне көгідір отын кіргізілетін болса, аудан газбен қамтуда да жүз пайызға жетеді. сонымен қоса, облыс басшысына аудан әкімі кезегін күтіп тұрған бірқатар мәселелерді де көтерді.
Жәнібек ауданы мемлекеттік бағдарламалармен үй салуда қала мен Бөрліден кейін алда тұр. Қазір аудан орталығында 80 баспана салынып жатыр. Облыс әкімі бүгінде алды бітуге таяған тұрғын үйлерді де арнайы барып қарап, мердігерлер еңбегін бағалады..
бірнеше нысандарды аралап көрген облыс әкімі кейіннен көп жылдан бері көтеріліп күрмеуі шешілмей келе жатырған ресеймен екі арадағы шекарадағы күре жолдың жай-күйін көріп, жолаушылар үшін жағдайдың қиындығын білді. Жолды кезек күттірмей бірден жөндеуден өткізетіндерін жеткізді.
қарқынды дамып жатырған Жәнібек ауданына енді қалғаны облыс орталығымен қатынасатын тас жолдың төселуі болса, Елбасы тапсырмасымен ол мәселе де бұйырса енді екі жылда толықтай шешіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.