Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәнібекте дәрігер тапшы

c 17:23, 13/10/2020 c 1102

0:00 / 0:00

Жәнібек ауданында медициналық маман тапшы. Аталмыш ауданда окулист, онколог және невтрополог жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңында өткен онлайн брифингте аудан әкімі айтып берді.

Облыс орталығынан 500 шақырым шалғай орналасқан Жәнібек ауданында дәрігер тапшы. Қазіргі таңда аудан көлемінде окулист, онколог және неврополог маман жоқ. Жәнібектіктер дәрігердің қабылдауында болу үшін бірнеше шақырымды бағындыруы керек.

Болашақ аналар күз бен көктемдегі балшықта, қыста боранды күні жолға шығып, Оралға келіп, ультра дыбыстық зерттеуден өтуі керек. Жәнібек ауданында жөні түзі аппарат болмағандықтан жүкті келіншектер 500 шақырым жолды еңсеріп, дәрігердің қабылдауында болады. Аудан басшысы бұл мәселені бірнеше мәрте облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеткізіп, көтеріп келеміз. Бірақ бар мәселе қаржыға тіреледі,-дейді.

Жол демекші осыдан бірнеше жыл бұрын Ақжайыққа сапарлап келген Елбасы шалғайда жатқан Бөкей Орда, Жәнібек пен Қазталовты жалғайтын тас жолды 2021 жылға дейін жөндеп аяқтауды тапсырған болатын. Алайда қазір ауданның тек 1 жарым шақырымдай тас жолына асфальт салыпты. Жұмыс енді-енді басталған. Аудан әкімі жол салудың баяу жүріп жатырғанын айтады.

Сурет https://lenta.inform.kz/ru// сайтынан жүктелген

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.