Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІККЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ

c 10:10, 03/12/2021 c 1176

0:00 / 0:00

Қазақстанда балабақшалар мен мектептерде жаппай жаңа жылдық ертеңгілік өткізуге тиым салынады. Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Сенаттың дәлізінде тілшілерге берген сұқбатында айтты. Министр елдегі эпиджағдайға байланысты Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз оған бағынамыз деді. Сондай-ақ, Аймағамбетов балалар арасында вакцина салдыру жұмысына мұғалімдер жауапты емес екенін де айтып қалды. Яғни мектептердің ата-аналардан баласына екпе салдыруға қатысты қолхат жинауына тиым салынған.
Пандемия басталғалы балабақшалар мен мектептерде, өзге де арнайы орталықтарда жаңа жылдық ертеңгілік өткізу шаралары тиылып қалған еді. Енді ата-аналар елде эпиджағдай тұрақталған сәтте балалары жаңа жылды қарсы алу шараларын қызықтайтын шығар деп үміттеніп отыр еді. Бірақ білім министрі Қазақстанның білім ордаларында жаңажылдық ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынғанын мәлімдеді.

Осылайша балалар биыл да жаппай жаңа жылдық шараны қызықтап, аяз ата мен ақшақардың жүзін көрмейтін болды. Ал Жоғары оқу орындары санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайды деді министр.Сондай-ақ, Аймағамбетов балалар арасында вакицна салдыру науқанына мектеп жауапты емес екенін, мұғалімдердің мұндай жұмыспен айналысуына тиым салынғанын еске салды. Министр қанша бала вакцина салдырғаны жайында мәлімет те жинамаймыз дейді. Өздеріңізге мәлім, қазір елде 12 мен 18 аралығындағы жасөспірімдер арасында коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу жүріп жатыр. Бұл ата-ананың келісімен жасалатын шаруа. Әу баста кейбір мекептерден ата-аналар чатына баласына екпе салдыруға рұқсат беретін қолхаттар келіп түскен болатын.Алайда, білім министрі бұл үрдісті тоқтатып тастадық дейді.

Сондай-ақ Аймағамбетов әлемді дүрліктіріп жатқан коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы айту әлі ерте дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.