Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ТӨМЕНДЕТІЛЕ МЕ?

c 18:44, 06/07/2022 c 1721

0:00 / 0:00

Қоғам зейнет жасын төмендетуге қатысты үкіметтің шешімін күтіп отыр. Өздеріңізге мәлім, қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасы 63 жас деп бектілігенді. Жыл сайын әйелдердің зейнеткерллікке шығу жасы жарты жылға ұзарып, 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткізу мәселесі тұр. Ер азаматтар онсыз да 63 жасында зейнеткерллікке шығады. Алайда, қоғам белсенділері, депутаттар үкіметтен зиянды өндіріс орынарында жұмыс істейтіндердің, мүгедектердің, әйелдердің зейнтекерлікке ерте шыққан жөн деп санайды. Осыған орай үкіметке бірталай депутаттақ сауалдар да жолданды. Үкімет зейнет жасына қатысты жұмыс тобының қортындысы жыл аяғында мәлім болады деп отыр.

Қоғам әлі де үкімет зейнеткерлік шығу жасына қатысты оң шешім қабылдайды деген үмітте. Белсенділер, депутаттар министрлер кабинетіне зейнет жасын төмендету туралы сансыз ұсыныс, сұрауларын жолдап жатыр. Себебі, бұл қоғамның талабы. БҰҰ мәліметінше Қазақстанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78 жасты құраса, ерлер 70 жасты құрап отыр. Ал зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер зейнет жасына жеткенше мүгедек болып қалып жататындары да жоқ емес. Әйел адамдардың да 63-ке дейін сүйретіліп жүрмей, ертерек бейнеттің зейнетін көргені дұрыс деп есептейді депутаттар. Осыған орай үкіметте зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуге қатысты жұмыс тобы құрылғанды. Соның нәтижесін вице-премьер Тоғжановтан сұраған едік. Оның айтуынша қазақстандық шахтерлердің бәрі бірдей зейнетке ерте шыққысы келмейді. Олардың арасында 63 жасты өзгеріссіз қалдыруды ұсынып жатқандар бар. Оған кеншілердің жоғары жалақысы себеп.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ "Ең ауыр жұмыс шахтерлердікі дегенмен келісемін. Өзім талай рет шахтаға түстім, кеншілермен кездестім. Шынымен де ауыр жұмыс. Бірақ шахтерлердің бәрі бірдей зейнетке ерте шыққысы келмейді. Себебі жерасты жұмыстары үшін жоғары жалақы алады. Мұндай ақшадан ешкім айырылғысы келмейді. Бізге түрлі ұсыныстар түседі: біреу зейнет жасын төмендеткісі келеді, енді біреулері сол күйі қалдыруды ұсынады"

Зейнет жасын төмендетуге қатысты наразылық шеруін өткізген әйелдер қауымы елу бес жастан асқаннан кейін әйелдердің денсаулығы жұмыс істеуге жарамайды. Оны бүкіл Қазақстан әйелдері жақсы біледі. Көпбалалы аналар 63-ке, яғни зейнет жасына жете алмауы да мүмкін деген еді. Өз кезегінде үкімет қоғамды алаңдатып отырған зейнет жасына қатысты нақты шешім шығаруға асығар емес. Бұл мәселе жыл соңында бірақ шешілмек.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ "Жұмыс тобы құрылды. Осы бастаманы көтерген топтармен кездесулер өткізіліп жатыр. Әлеуметтік кодексті әзірлеу аясында жұмыс тобымен тиісті жұмыс жүргізіледі. Әлеуметтік кодексті қабылдап, жыл соңына дейін бір шешімге келеміз"

Сөз арасында вице-премьер қазір бүкіл әлемде зейнет жасы көтеріліп жатқанын айтып қалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.