Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнет жасы-60 жас

c 09:24, 08/10/2020 c 833

0:00 / 0:00

Қазақстанда зейнет жасы -60 жас болғаны жөн. Парламент Мәжілістің бір топ депутаты ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды. Депутат Айқын Қоңыров бастаған топ Үкімет басшысына сауал жолдап, алпысты алқымдағандың денсаулығына ерекше көңіл бөле отырып, олардың ертерек зейнетке шығуына жағдай жасау керек дегенді алға тартты. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол, өлім-жітімнің дені 60 жастан асқан адамдар арасында тіркелген.

Қазақстанда 2018 жылдан бастап зейнет жасын арттыру үрдісі жүріп жатыр. Заң қабылданып, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын артуда. Биыл  әйел қауымы 59 жаста зейнеткерлікке шығып жатса, 27 жылы 63 жаста бірақ зейнеткер атанады. Ал ерлердің жасы сол 63.  Алайда, елде азаматтардың жасы ұлайған сайын, денсаулығы нашарлауда. Тіпті пандемия барысында ковидтен көз жұмығандардың көбісі осы алпысты алқымдап қалғандар болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол, өлім-жітімнің дені 60 жастан асқан адамдар арасында тіркелген. Себебі, егде жастағылар вирусты тез жұқтырады. Бұл жастағыларда  созылмалы жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе ауруы, қант диабеті жиі кездеседі. Осыны назарға алған депутаттық топ, үкіметтен елде зейнет жасын 60 жасқа төмендетуді талап етті.

Айқын Қоңыров – ҚР ПМД "Осыған байланысты "Халық коммунистері" фракциясы азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауға шақырады. 2013 жылы біз әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды қолдаған жоқ едік. Бүгін, азаматтардың пікірін негізге ала отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынамыз"

Депутат, сондай-ақ еңбек нарығында жасы келгендер зейнеткерлікке ертерек кетсе, жастарға жұмыс орын босар еді дейді.

Айқын Қоңыров – ҚР ПМД «Бұл шара қарттардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ғана септігін тигізбей, экономикалық дағдарыс жағдайында еңбек нарығына да оң әсер етеді»

Коммунистер қауіпті  індетінің екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескеріп, қарт адамдарға қамқор болу, олардың оқшаулау үшін барлық жағдайды жасау және туындаған проблемаларды дер кезінде шешуді өте маңызды деп санайтынын жеткізді. Айта кету керек, зейнет жасын қысқартуды ұсынып отырған Мәжілістің өзінде жасы сексеннен асқан депутаттар талмай қызмет етіп жүр. Байқағанымыз, 65 жастан асқандары онлайн емес оффлайн жұмысқа шығып, жалпы отырыстарға қатысуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.