Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Волейболдан әйелдер арасында чемпионат басталды

c 16:54, 16/02/2022 c 828

0:00 / 0:00

Қаламыздағы Әйтиев атындағы спорт залда волейболдан Қазақстан Республикасының жоғарғы лигасында қыздар арасындағы 30-шы чемпионаттың 3-ші кезеңі өтіп жатыр. Ел аймақтарынан 6 команда үздік атану үшін тартысты ойын өткізуде.Оралда бұл күнде волейболдан жоғары лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІІ тур ойындары өтуде. Додаға қатысушы командалар арасында жергілікті «Грация» өңір намысын қорғап жатса, чемпионатқа алғаш қатысушы «Түркістан Тұрар» командасының бұл Ақжайықтағы алғашқы ойыны. Жерлестерімізбен бұған дейін бір достық кездесу өткізіп үлгерген олар бұл жарысқа ширақ дайындалып келіпті.Жарысқа қатысушы жалындаған жастардың әрқайсысы да жүлдеден дәмелі. Олар дода барысында әдемі ойын көрсетіп, қарсыластарымызды басып озамыз дейді.Айта кетелік чемпионат осы аптада мәресіне жетіп, жеңімпаздар одан әрі Азия ойындарына жолдама алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.