0:00 / 0:00
Бөкей Ордасының тарихы - ел шежіресінің ажырамас бөлігі. Өткеннің өнегесі мен қасіретін қатар қамтыған жаңа зерттеу еңбек жарық көрді. Бүгін қаламызда тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі Тұяқбай Рысбековтың «Қасиетті де қасіретті Бөкей Ордасы» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері қатысып, кітаптың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталды. Құнды еңбекке қатысты өз ой - пікірлерін ортаға салып, оның кейінгі ұрпақ үшін тағылымы мол мұра екенін атап өтті.










