Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік ұстаз

c 17:24, 02/10/2020 c 911

 

Қазақстанда қыркүйек айының алғашқысы жексенбісі ұлағатты ұстаздарға арналған. Осы күні еліміздің ұстаздар күні аталып өтеді. Ендігі мереке қарсаңызда ұстаздық етуден шаршамаған мұғалімдерді құттықтау, марапаттау рәсімі жүріп жатыр. Бүгін Білім министрі Асхат Аймағамбетов  онлайн режимде «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.  Педагогтарды құттықтау барысында ұстаздардың адал еңбегі енді еленіп жатыр деді министр.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан». Білім министрі құттықтауын  Ұлы Абайдың сөзімен бастады. Елімізде 500 мың мұғалім ұстаздық етуден талмай қызмет жасап жатыр. Педагог заңы қабылданғалы бері, ұстаздардың мәртебесі едәуір көтеріліп, жалақысы да өсті. 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Жалпы 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есеге өседі.   Жас маманардың келуіне жағдай  жасалды. Мұғалімдерді ұстаздық міндетін басқа, қоғамдық жұмысқа салуға тиым салынды. Ұстаздарға көше жинап қоятындарға әкімшілік жаза қолданылатын болды. Не керек, ұстаздардың еңбегі енді елене бастады. Тіпті, педагог мамандығына қызығушылық танытпайтын жастардың да көзқарасы өзгерген. Білім министрі жоғарғы оқу орындарында мұғалімдікке оқуға сұраныс өскен дейді.

Дегенмен, пандемия барысында ұстаздарымызға оқушыларды қашықтықта оқытуды меңгеруге тура келді. Қандай жұмыс болмасын тез игеріп, орындап тастайын ұстаздар бұл жаңашылдықты да меңгерді. Алдағы жексенбі ұстаздар күні. Осы айтулы меркеге орай, білім министрі мұғалімдер қауымын құттықтап, «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын мараппаттады.

Үздік педагог атанған жеңімпаздарға 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен мен төсбелгілер табысталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.