Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тілсіз жау

c 09:45, 04/11/2020 c 605

0:00 / 0:00

Күн суытты, жылу беру маусымы басталды. Алайда, ел аймақтарында тілсіз жаудың белең алуы да өршіді. Оған қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болып отыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкіметтің онлайн отырысында мәлімдеді. Министрдің дерегіне сүйенсек, қыркүйек айында тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт шыққан. Шымкент, Алматы қалалары, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тілсіз жаудың жиілегені байқалады. Өкінішке орай, өрттің құрбаны болып жатқандар да бар.

Жылу беру маусымының машақаты-өрт қауіпсіздігін сақтамау деректері жылда орын алады. Биыл да сол көрініс. Еліміздің бас құтқарушысы елде тілсіз жаудың орын алуы жиілеп кетті дейді. Елімізде орын алған  төтенше жағдайлардың 92%-ы өртпен байланысты. Қыркүйектен бастап тұрғын үй секторларында 1 300-ден астам өрт оқиғасы тіркелген.  Оған тұрмыстық құрылғылар мен пештерді пайдалану ережелерін сақтамау, отты абайсыз қолдану себеп болып отыр. Өкініштісі өрт салдарынан көз жұмғандар бар.

Юрий Ильин –ҚР ТЖМ "Жамбыл облысында өрттен қаза болғандар саны 4 адамға, Алматы қаласында – 3 және Павлодар облысында 2 адамға артты. Қостанай облысында жарақат алғандар саны 6 есе, Нұр-Сұлтан қаласында 4,5 есе және Қарағанды облысында 2,2 есе көбейді". Өңірлерде бірнеше адам көз жұмды. Жамбыл облысында тұрғын үйдегі өрттен екі бала, Солтүстік Қазақстанда 2 адам және Шығыс Қазақстанда тағы екі адам құрбан болды.

Үкімет отырысында министр жалындаған отты өшіретін сумен жабдықтауда проблема барын айтып қалды. Бүгінде республика бойынша 15 мыңнан астам өрт гидранты жарамсыз күйде тұр.Ал бұл жағдай оқиға орнына келген өрт сөндірушілердің жұмысын тежеп тастайды. Өртті өшіру үшін қосымша қажетті суды іздегенше уақыт жоғалтады. Осылайша, құтқарушылар су іздеп жүргенде, тілсіз жау барды жоқ қылады.

Юрий Ильин –ҚР ТЖМ «Бүгінде республика бойынша 15 мыңнан астам өрт гидранты жарамсыз күйде тұр.Биыл әкімдіктер екі мыңнан астам жөндеу жұмыстарын жүргізді. Алайда, жыл сайын сумен жабдықтау жүйелерінің тозуына байланысты шамамен 1 мыңға жуығы есептен шығарылады. Осыған байланысты өңір әкімдері оларды жұмыс жағдайына келтіру бойынша тиісті жұмыс жүргізуі қажет».

Өз кезегінде пермьер-министр әкімдерге  өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін құру жұмысын жіті тапсырды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.