Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Такси жүргізушісін өлтіргіндер сотталды

c 17:39, 17/09/2021 c 794

Ақтөбеде аты шулы қылмыстық іске нүкте қойылды. Биылғы жылдың сәуірінде такси жүргізушісіне шабуыл жасалған болатын. 19 және 37 жастағы тұрғын жүргізушіні өлтірді деген күдікке ілінді. Сол кезде бөтеннің мүлкін заңсыз жолмен иемденген екі азамат темір тұлпарды тізгіндеп қашпақшы болғанда апатқа түседі. Құқық қорғаушылар көліктің ішінен қан іздері мен қару тапқан. Қолға түскен азаматтардың бірі сол бойда қылмысын мойындайды. Қос азаматтың қылмысқа барған кезде ішімдік ішкені анықталыпты. Олар марқұмның мүрдесін орманға көміп кеткен. Қылмыстық кодекстің 99 бабы "Адам өлтіру" мен 192-ші "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сурет https://mail.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.