Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағы да қарыз

c 09:36, 25/11/2020 c 799

0:00 / 0:00

2021 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін Қазақстан Азия Даму банкінен 908,6 миллион еуро және Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен тағы 661,8 миллион еуро қарыз алады. Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында осы қарызды алуға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасы қаралып, мақұлданды. Жобаны қорғаған қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл ауқымды қаражат коронавируспен күреске және экономиканы қалпына келтіруге жұмсалады деп сендірді.

Тағы да қарызға батамыз. Онсызда Қазақстанның сыртқы қарызы 165 миллиард долларға жуықтағанын ескерсек, бұл сома өсейін деп тұр. Шетелдік қаржы ұйымдарына қол жайып, қарыз сұраудан жалықпайтын үкімет, енді қауіпті індетпен күреске, ел экономикасын көтеруге 1,5 миллиард еуро қарызға алмақ. Бұл қомақты ақшаны Азия Даму банкі береді. Қарыз 10 жылға алынып отыр. Осылайша Жамаубаев бюджеттің жыртығын жамамақ.

Келісімге сәйкес,  қарыз  республикалық бюджет қаражатынан өтеледі.  Өз кезегінде палата төрағасы, бұл ақшаның  қолды болмай, тиісті жеріне жетуіне тілек білдірді.

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы «Сіздің жауабыңызда үш жылдық бюджеттің ақшасы мен қарызға алып отырған ақша байланыстырылуы керек. Қаражат жан-жаққа шашырап кетпей дұрыс жұмсалуы тиіс. Соны қадағалау керек»

Дегенмен, тағы да қарыз алатын болдық. Мәжіліс «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңының жобасын мақұлдап жіберді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.