Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыртқы қарыз өсіп жатыр

c 11:15, 22/10/2020 c 413

0:00 / 0:00

Қазақстанның сыртқы қарызы алдағы бес жылда 25 триллионға жететін болады. Мәжіліс депутаты Дәния Еспаеваның айтуынша, әлеуметтік-экономикалық болжамда мемлекеттік қарыздың жыл сайын өседі. 2021 жылы оның көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 30,3 процентке өссе, 2022 жылға дейін 30,5 процентке дейін көтеріледі. Ал 2025 жылға қарай үкіметтің қарызы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 25 триллион 692 миллиард теңгеге жетеді. Қарызымыз өсіп жатыр деп даурыққан депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайылов Қазақстанның қазіргі мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде сақталып тұр деп басу айтқан болды. Мәжілістің жалпы отырысынан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Үкімет сырттан қарыз алуда алдына жан салмай отыр. Депутаттардың есептеуінше, алдағы бес жылда Қазақстанның қарызы 25 триллион теңгеден асып жығылады. Қарыз неге өсіп жатыр, оын неге жауып құтылмаймыз деген сұрақтар туындайды. Депутат Еспаеваның айтуынша, экономкиалық болжам бойынша қарыз бес есеге артады. 2021 жылы оның көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 30,3 процентке өссе, 2022 жылға дейін 30,5 процентке дейін көтеріледі.

Дәния Еспаева – ҚР ПМД «Ал 2025 жылға қарай үкіметтің қарызы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 25 триллион 692 миллиард теңгеге жетеді. Ел үкіметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылдың өзінде мемлекеттік қарыздың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 29,2 процентті құрайды. Қарыз сомасы өскендіктен, республикалық бюджетке түсетін салмақ та артады. Себебі оны өтеуге қажетті шығындар өседі".

Мәжілісменнің сұрағы күтпеген соққы болды ма шенеуніктердің жауабы бір-бірімен қиыспай қалды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге кететін шығындардың артатынын растап отыр. Биыл осы санаттағы шығындардың көлемі 12 процент болса, 2023 жылда 23 процентке дейін өседі дейді ол. Ал қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев болса бұл жыртықты жамауға тырысты.

Ерұлан Жамаубаев – ҚР қаржы министрі "Біз күн сайын бақылау жасап отырамыз. Иә, қазіргі жағдай нашарлап, тапшылық сәл көбейді. Сосын біз өз қарызымызды басқа елдермен салыстырып тұрамыз. Мәселен, Түркияда мемлекеттік қарыздың мөлшері ішкі жалпы өнімге шаққанда 40 процентті құрап отыр. Мексикада – 55 процент, Индонезияда – 37 процент".

Қаржы министрінің бұл жауабы палата төрағасының күлкісін келтірді.

Әңгіме Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайылов араласты.  Оның айтуынша, үкімет нақты лимитті белгіледі. Ол – 27 процент. Сондықтан мемлекеттік қарыздың мөлшері қауіпсіз деңгейде сақталып отыр деп басу айтты

Әлихан Смайылов –ҚР үкімет басшысының орынбасары "Негізі, халықаралық ұйымдар лимитті 50 процент деңгейінде белгіледі. Ал қазіргі дағдарыс жағдайына байланысты Еуропалық одақ елдерінде оны тағы арттыру мәселесі қаралып жатыр. Сондықтан біз халықаралық ұйымдардың лимитінен алыстау тұрмыз".

Осылайша, Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп тұр. Осылайша қазақстандықтың дүниеге келгенінен бастап 10 мың доллар көлемінде қарыз. Сырттан алған несиелер бойынша  158 млрд доллар қарызымыз бар.Ал ұлттық компаниялардың шетелден алған несие  қарызы мемлекеттік қарыздан да асып отыр. Қарызды уақытында жауып құтылмасақ, онсыз дағдарыстан соққы алып отырған тұрған ел экономкиасы үшін қауіп төніп тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.