Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Стритлифтингтен ашық чемпионат өтті

c 17:24, 16/03/2021 c 357

0:00 / 0:00

Өткен демалыс күндері батыс өңірлер арасында стритлифтингтен ашық чемпионат өтті. Оған бірнеше команда қатысып, Ақтаулық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Стритлифтинг елімізде енді ғана дамып келе жатқан спорт түрі екендігіне қарамастан оған қызығушылар саны күн санап артып келеді. Дене шынықтыру саласының мамандарының айтуынша, Орал қаласында осы спорт түрімен шұғылданушылардың саны шамамен 1000-ға жуық.Тіпті ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткендер де бар.Чемпионатқа Ақтау, Атырау, Ақсай және Орал қалаларынан 20 спортшы қатысып, турникке және брусяда тартылудан сынға түсті. Ашық чемпионат қорытындысында Ақтаулық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Олар алдағы уақытта өтетін екі әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Жеңімпаз команда 100 мың теңге қаржылай қолдауға ие болса, жүлденің екінші және үшінші орынын жеңіп алғандарға ынталандыру сыйлықтары берілді. Ашық чемпионат облыстық спорт басқармасының қолдауымен қалалық дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.