Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шұғыл аурухана салынады

c 00:15, 04/04/2020 c 575

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында  демалыс аптасы бір аптаға ұзарды. Осыған орай елдегі үш ірі қалада шұғыл тұрғызылатын инфекциялық аурухана салынады. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегінше, Қазақстанда 453 адам COVID-19 вирусын жұқтырды. 29 адам бұл індеттен сауығып шықты, 3 адам қайтыс болды.

Аты жаман індеттің таралуы артып жатқандықтан, ел астанасы-

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында  демалыс аптасы бір аптаға ұзарды. Төтенше жағдайға қарсы күрес мемлекеттік комиссия бүгін осындай шешім қабылдады. Өздеріңізге мәлім күшейтілген карантин талабы бойынша, азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылған. Сыртқа тек азық-түлік алуға немес дәріханаға, жұмысқа бару  үшін рұқсат бар. Жұмысқа баратындардың өзі арнайы рұқсат қағазымен ғана көшеде жүре алады. Қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылған. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  "Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл режимді 13 сәуірге дейін ұзартты. Бұл тұрғындар денсаулығы және мегаполистер тіршілігі үшін маңызды мекемелерден басқа барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

Сондай-ақ, вирустың белең алып бара жатқандығынан үш мегаполис қалада шұғыл тұрғызылатын инфекциялық аурухана салынбақшы. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында  қысқа уақыт ішінде аурухана салынпды. Оған қауіпті вирусты жұқтырғандар жатқызылады. Ендігі әлеуметтік желіде елорданың шетіндегі қырқыншы стансасында аурухана құрылысы басталып кеткені жайында видео тарап жатыр.

Карантинде отырған қазақстандықтар күні кеше кешсіні жаппай ел әнұранын орындау челленджін өткізді.шум(саксафон) Күні бойы ватсап желісімен  азаматтарды әнұран орындауға шақырған хабарлама тарағанды. Бұл хабарлама қандайда бір ресми органнан емес, қазақстандықтардың өз ұсынысы болды. Елорда тұрғындары бұл бастаманы бірден қолдап, кеше кешкісін қала әнге оранды. Тұрғындар үйлерінің балконына шығып, әнұранды орындап, бір жасап қалды.Нұр-Сұлтандық кішкентай Дәлида да бұл бастамаға өз үлесін қосып, әлеуметтік желінің жұлдызына айналды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.